Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ...

АУРУДЫҢ АЛДЫН АЛЫҢЫЗ...


   Қазіргі таңда дерттің түрі көбейді. Оның ішінде әсіресе, қатерлі ісік ауруы көпшілікті толғандыруда. Алайда, еліміз үшін адам денінің сау болуы басты орында. Осыған орай бүгінде мемлекет тарапынан ірі жобалар жүзеге асып, түрлі бағдарламалар қолға алынуда. Солардың бірі – скринингтік тексеру. Оның негізгі мақсаты – ауруды ерте бастан анықтау. Белгілі бір жастағы дендері сау адамдарды медициналық байқаудан өткізіп, аурудың алдын алу. Бүгінде бұл жоба медициналық көмектің кепілді тегін шеңберінде аумағы бекітілген емханаларда өткізіледі. Сондықтан қарапайым халық арасында кең насихатталуда.
Аталған тексеру ересектер арасында жас ерекшелігіне байланысты бірнеше қатерлі ісік ауруының алдын алу бойынша жүргізіледі. Атап айтсақ, қан айналымы жүйесі, қант диабеті, қуық асты безі, асқазан және өңеш, бауыр, тік ішек пен тоқ ішек, сүт безі, жатыр мойыны, ерлер мен әйелдер арасындағы суқараңғылық. Оның ішінде мамандардың айтуынша, қазір жергілікті тұрғындар арасында қант диабетіне шалдыққандар қатары артуда. Сондықтан диспансерлік есепте тұрмайтын 40-64 жас аралығындағы адамдар әр екі жыл сайын тексерілуде. Сондай-ақ, соңғы жылдары ауруды ерте бастан анықтауға суқараңғылық дерті қосылған. Бұрын атын да естімейтін бұл ауруға бүгінде жастар да жиі шалдығуда. Себебі, оның жас ерекшелігі 40-70 жас аралығын құрайды. Сонымен қатар, сүт безі қатерлі ісігінің алдын алу үшін 50-60 жастағы әйелдер қаралу керек. Бүгінде жатыр мойнындағы обыр ауруы өсіп отыр. Осыған орай 30-60 жастағы әйелдер әр бес жыл сайын ұдайы тексерілу қажет. Ал, 50-66 жастағы ер азаматтар қуық безі ауруынан сақтану үшін, төрт жыл сайын арнайы мамандарға көрініп тұрғаны жөн.
– Мұндай шараларды өткізу арқылы біз ауруды ерте сатысында анықтап, алдын алса, оған ем қонатындығын халыққа жіті түсіндіреміз. Науқасқа дер кезінде көмек көрсеткенде ғана қатерлі дерттердің көрсеткіші төмендейді. Мәселен, жыл басынан бері скринингтік тексерудің нәтижесінде сүт безі қатерлі ісігі ауруы көп анықталды. Сонымен қатар, әйелдердің басым көпшілігі жатыр мойны обырына тексерілді. Біздің емханадан жергілікті тұрғындар жұмыс күндері үздіксіз скринингтен өткізілуде. Әлі де тексеруден өтуге шақырамыз. Басты мақсат – қатерлі дертті ерте анықтап, аурудың асқынуының алдын алу. Әрбір адам салауатты өмір салтын берік ұстанса, қандай ауруды болмасын жеңуге толықтай мүмкіндік бар. Алайда, ол үшін ішкен-жеген асына көңіл бөліп, артық салмақтан сақтану қажет. Сондай-ақ, ішімдіктен бас тартып, шылым шекпеу керек, – дейді №3 қалалық емхананың онколог дәрігері Айгүл Әділова.
Скринингтен өту ауруды асқындырмауға және жүйелі ем қабылдауға мүмкіндік береді. Бүгінде бұл жүйе Еуропа елдерінде де өз нәтижесін көрсетуде. Өйткені, осыған орай көп елдерде емдеуді қалыптастырудың түрлі тәсілдері қолданылады. Атап айтсақ, Австрияда 50 жастан асқан адам үш жыл сайын тексерілуден өтіп тұруы тиіс. Егер оған бармаса, оның банк карточкалары бұғатталады екен.
Мамандардың айтуынша, кез-келген ауруды алғашқы сатысында емдеуге болады. Тек уақытылы дәрісін қабылдап, дәрігердің айтқанын орындау қажет. Дегенмен, әлі күнге тегін тексерілуге ерінетіндер мен жұмыстан қолы босамайтындар қатары көп. Десе де, бәріне бірдей топырақ шашудан аулақпыз. Себебі, соңғы кезде өңірімізде уақытылы тексеріліп, түрлі дерттің алдын алып жатқандар да жетерлік. Соның нәтижесінде онкологиялық аурулар дер кезінде анықталып, өлім-жітім саны төмендеуде.
Деннің саулығы бәрінен де қымбат. Сондықтан әрбір адам дер кезінде тексеруден өтіп, өз денсаулығына немқұрайлық танытпаса, аурулар саны біршама азаяр еді.

Ақмарал ҚАДЫРХАНҚЫЗЫ.

16 қазан 2017 ж. 373 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1466)

25 тамыз 2018 ж.

№63 (1465)

21 тамыз 2018 ж.

№62 (1464)

18 тамыз 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 561 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам