Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » КҮН ЖҮЙЕСІНЕН ТІРШІЛІК ЕТУГЕ БОЛАТЫН ҒАЛАМШАР ТАБЫЛДЫ

КҮН ЖҮЙЕСІНЕН ТІРШІЛІК ЕТУГЕ БОЛАТЫН ҒАЛАМШАР ТАБЫЛДЫ

   Кеплер орбиталық обсерваториясы Күн жүйесі маңынан ерекше 15 ғаламшар анықтады. Оның бірінде теңіздер мен жер атмосферасы бар және тіршілік етуге қолайлы екен, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі techno.bigmir.net сайтына сілтеме жасап.
«Біздің есептеуімізше, бұл ғаламшарда жер атмосферасы бар, бірақ нақты болжам айту қиын», - дейді Токио Технология институтының оқытушысы Теруюки Хирано.
Орбиталық телескоп – Кеплерді ұшырғаннан кейін ғалымдар Күн жүйесінен тыс жерден төрт мыңға жуық Жерге ұқсас ғаламшар бар екенін және онда өмір сүруге болатынын анықтаған. Бұл жаңалық ғалымдар мен астробиологтардың ол ғаламшарлардың жағдайын тексеретін әдіс ойлап табуына себепші болған. Жалпы алғанда жапон ғалымдары көлемі және құрылымы бойынша Жерге ұқсайтын 15 ғаламшар анықтаған. Олар да жер сияқты өз осінен айналады, бірақ температура, климаты бойынша Жерге қарағанда Венераға көбірек ұқсайды.
Осы 15 ғаламшардың ішіндегі Торпақ жұлдыз белгісінде және Жерден екі жүз жылдық қашықтықта орналасқан К2-155 жүйесі ең ерекшесі болып саналады. Оның қасында Жерге ұқсас үш ғаламшар бар және ең алыс орналасқан К2-155d ғаламшары климат және гидрологиялық жағдайы бойынша Жерге өте ұқсас.
Хираноный айтуынша, ол ғаламшарды жақын болашақта зерттеп көруге болады. Осы жылдың соңында NASA орбитаға TESS телескопын ұшырады. Ол телескоп сол ғаламшар туралы егжей-тегжейлі анық ақпарат бере алады.
baq.kz
13 наурыз 2018 ж. 525 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№93 (1495)

11 желтоқсан 2018 ж.

№92 (1494)

08 желтоқсан 2018 ж.

№91 (1493)

30 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12
3456789
10111213141516
17181920212223
24252627282930
31 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 2 155 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам