Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШАШ ҰШТАНУЫН КЕТІРУДІҢ 10 ӘДІСІ

ШАШ ҰШТАНУЫН КЕТІРУДІҢ 10 ӘДІСІ

 Ұштанған, құрғақ және сынғыш шаш – қыздардың көпшілігіне таныс және кең тараған проблеманың бірі. Әрине, 1-2 айда бір рет шаштың ұштарын қидыртып тұрған жөн, бірақ бұл мәселені қайшы шешпесе және шашыңызды өсіргіңіз келсе, шашқа әрдайым күтім керек. Үйде шаштың ұштануымен күресетін әдістерді ұсынамыз. Егер шаш ұштанып, сынғыш болса, оған ылғылдандыру жетіспейді.
Шашқа күтімді бастамас бұрын оны аздап қидыртыңыз. Себебі өлген шашқа күтім жасаудың еш маңызы болмайды. Ашытқы маскасы Қоректендіретін және ылғалдандыратын маска жасау үшін 2 шай қасық құрғақ ашытқыны 50 мл айранмен араластырып, шаштың ұшынан бастап ортасына дейін жағыңыз. Оны пакетпен орап, 30 минутқа қалдырыңыз. Содан соң жуып тастаңыз. Оны аптасына бір рет жасап тұру керек. Кокос және бадам майы Табиғи майлар – ұштанған шашқа көмектесетін тиімді құралдар. Кокос және бадам майлары жекелей оңай жуылады, шашқа ауыртпалық тудырмайды және қорғаушы қабат түзеді. Сонымен қатар, бұл майлар шашты жұмсартады. Бал мен зәйтүн майы маскасы Бұл – құрғақ ұштарға арналған тағы бір қоректендіргіш маска. 1 шай қасық балды 1 шай қасық зәйтүн майымен араластырып, оны шаш ұштарына жағып, 1 сағатқа қалдырыңыз. Бал жылдам еру үшін оны жылы сумен жуыңыз. Шөптер тұнбасы Шашқа өзіңіз қолданатын бальзамды жаққан соң, оны сумен емес бөлме температурасындағы шөптер тұнбасымен шайып көріңіз. Дәріханаларда сатылатын шөптерді (жалбыз, түймедақ, қалақай жапырағы, жөке) қайнатып, дайындап қойыңыз. Әр шаш жууды шөптер тұнбасымен шаюмен аяқтауды әдетке айналдырыңыз. Олар шашқа қосымша қорек пен жалтырлық сыйлайды. Сусабынмен шаш ұшын жууды тоқтату Шашты жуу кезінде тек түптерін сабындап, массаж жасаған жөн, ал ұштарын қосымша тағы сусабынмен жуудың қажеті жоқ. Шаш ұшының тазалануы үшін сол түптегі сусабынның көпірігін шаю кезінде ұшқа тигені де жарайды. Ылғалдандырғыш крем Егер қолыңызда шаш ұшына арналған май немесе сарысу болмаса, ал шаштарыңыздың ұштары құрғақ болып көрініп тұрса, бетке арналған қарапайым ылғалдандырғыш крем қолданыңыз. Дәрумен қабылдау Көктемде ағзаға дәрумен жетіспейді. Ол шаштың құрғақ болуының бір себебі болуы мүмкін. Сондықтан А, Е және В дәрумендерін қабылдаған жөн. Дәрумендерді ішуге болады және маскаларға қосуға болады.
14 наурыз 2018 ж. 1 152 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам