Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР ҚАРТАЮДЫ БАЯУЛАТУ ЖОЛЫН ТАПТЫ

ҒАЛЫМДАР ҚАРТАЮДЫ БАЯУЛАТУ ЖОЛЫН ТАПТЫ

 KLF ақуызы адамның өмір сүру ұзақтығын ұлғайтуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды Baq.kz ақпарат агенттігі. Бұл туралы РИА Новости «Nature Communications» журналында жарияланған баяндамаға сілтеме жасап жазады.

Құрттар мен сүтқоректілердің өмір сүру ұзақтығына жауапты молекулярлы механизм белгілі бір ақуыздар тобымен анықталады. Бұл туралы Кейс Вестерн Резерв университетінің ғалымдары мәлімдеді.
Зерттеу барысында гендердің белсенділігін реттейтін KLF ақуызы концентрациясының жоғарылауы немесе төмендеуі жұмыр құрттардың (нематодтар) өмірін ұзартуға немесе қысқартуға мүмкіндік беретіні анықталды.
KLF ақуызы тек құрттарда ғана емес, адамды қоса алғанда, сүтқоректілерде де болады. Бұл ақуыздар бүлінген клеткалардың жойылуына септесіп, аутофагияны бақылайды. KLF деңгейі төмендеген жағдайда, клеткаларда уытты заттар жиналып, организмнің қартаюына әкеп соғады.
Ғалымдардың айтуынша, қан тамырларының жақсы жұмыс істеуі де осы ақуыздарға байланысты. Ақуыз мөлшерінің төмендеуі гипертония, жүрек-қан тамырлары аурулары, деменцияның (ақыл-парасат кемдігі) пайда болуына апарады.
Адам организмінде KLF ақуызының концентрациясын жоғарылату арқылы өмір сүру ұзақтығын едәуір ұлғайтуға болады, деді мамандар.
17 қазан 2017 ж. 3 111 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№73 (1674)

22 қыркүйек 2020 ж.

№72 (1673)

19 қыркүйек 2020 ж.

№71 (1672)

15 қыркүйек 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 11 127 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам