Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАЙЛЫҚТЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

БАЙЛЫҚТЫҢ МӘНІ НЕДЕ?

  Бүгінгі таңда «Байлықтың мәні неде?» деген сұраққа әркім әрқалай жауап береді. Иә, адам баласының санасы заман талабынан қалыс қалмауы тиіс. Технологиямен қатар қарыштап дамып отыруы талап етіледі. Қазіргі қоғамда байлық негізін ештеңеден қалыс қалмай ел алдында болу деп түсінеміз. Айтпақшы, бұрыннан келе жатқан қағида бар. Оны ақиқат деп те қабылдаймыз. «Бірінші байлық – денсаулық» дейміз. Дені сау адам – қоғамның ең асыл байлығы емес пе? Сол арқылы өз күніңді көріп, тіршілік қамын жасауыңа мүмкіндігің бар. Адамдар бір-біріне осындай тілектер жаудырып жатады.
Байлық ұғымының антонимі – кедейлік. Олай деп кімді айтамыз? Ештеңесі жоқ, нанын әзер тауып жеп жүргендер бар. Сонымен қатар, ақшасы, дүние мүлкі жетіп тұрса да кедейдің күнін кешетіндер де бар. Оның сыры адамның барға қанағат ете алмауында. Адам тегінде өзінен жоғарыдағыға қарап емес, төмендегіге қарап бай екеніне көз жеткізіп отыруы тиіс екен. Мұны асыл дінімізде де насихат етіп айтқан.
Осы орайда бір оқиға еске түседі. Бір өміріне көңілі толмаған жас келіншек кішкене баласын алып, елге жомарттылығымен танылған данагөй кісіге келіп:
–Мен кедеймін, ештеңем жоқ, – деп етегі жасқа толып отырады. Дана кісі томпиған баласына қарап, күлімсіреп отырып:
–Кедеймін де? – дейді. Сөйтіп алдына бір қалта алтын қойып:
–Баланның бір саусағын берші, – дейді. Шошына қарап отырған әйелге қайтадан:
–Бір ғана саусағы ғой, ауыртпаймын, – дейді.
Зәре-құты қалмаған келіншек баласын құшағына қатты қысқан күйі шығып кете барады. Ұзап бара жатқан әйелге соңынан дана:
–Кедеймін дейсің, бір қалта алтынға қолыңдағы байлығыңның кішкене бөлшегін де бере алмадың ғой! – деп қала береді.
Осы оқиға көңіліме оң әсер қалдырды. Ойымнан көпке дейін кетпеді. Расында, байлықты қалай түсінеміз? Дүние байлығы Алладан адамға сынақ ретінде берілген. Ал нағыз байлық – ата-ана, балаларымыздың, ет жақындарымыздың амандығы. Сондай-ақ адамдар арасындағы мейірімділік, жақсы қарым-қатынас, сыйластық – байлықтың түп негізі. Ойлап қараңызшы, айналаңыздан мейірім сезінбесеңіз, асқан байлықтан не пайда? Адамның жаратылысы солай, біз осы қасиеттерді жоғары қоямыз және сол арқылы басқа жаратылыс иелерінен ерекшеленеміз.
Қазіргі кезде қаталдық жайлап барады. Осынау қоғамда адамдар бір-біріне көркем мінезбен қарап, әрдайым бауырмалдық, жаны ашу, адамгершілік секілді қасиеттер басты орынға қойылса екен. Себебі, байлықтың соңына түсіп, ашкөзділік белең алып бара жатыр. «Адамның көзі бір уыс топыраққа тойған» деген әңгімені естігеніміз бар.
Қолыннан келгенше адал еңбек етіп, тірліктің көзін таба білсең және сол арқылы жұртқа пайдаң тисе, өмірдің де, байлықтың да мәні осы болар...

Балауса МҰРАТХАН.
23 қазан 2017 ж. 412 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№41 (1443)

05 маусым 2018 ж.

№40 (1442)

02 маусым 2018 ж.

№39 (1441)

29 мамыр 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Маусым 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 873 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам