Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » МАСКҮНЕМДІКТІҢ БАСТЫ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ

МАСКҮНЕМДІКТІҢ БАСТЫ СЕБЕБІ АНЫҚТАЛДЫ


Ұлыбританиядағы Эксетер университетінің маманы Тимоти Фрейлинг бастаған бір топ маман қан қысымы жоғарылауына, қант пен ішімдікті көбірек пайдалануға себеп болатын FGF21 генінің бір түрін (аллель) анықтады деп жазады
Тengrinews.kz.
Сонымен қатар, бұл аллельдің адам ағзасындағы жиналған майдың азаюына да қатысы бар болып шықты. Ғалымдардың зерттеу қорытындысы Cell Reports журналында жарияланды. FGF21 гені бауырдан бөлінетін гормон. Ол адипоцитамдардың глюкозаны сіңіруіне жауапты, осылайша, қандағы қант деңгейі төмендейді. Сонымен қатар, ол адамның гипоталамусына әсер етіп, қант пен ішімдік ішуіне деген ынтаны басып отырады. FGF21 генінің кей мутациялары өзгеше қасиетке ие аллельдердің пайда болуына әкеледі. Мамандар 500 мың адам қатысқан UK Biobank зерттеуінің қорытындыларын сарап, FGF21 генінің rs838133 ретінде белгіленген аллелін анықтады. Ол адамдардың 45 пайызында ғана кездеседі екен. Гормонның бұл түрі қант пен алкогольді көп пайдаланып, ақуыздар мен майларды аз пайдалануға байланысты болады екен. Сонымен бірге, ол май қабатының азаюына да әсер етеді. Дегенімен бұл адамды сымбатты етеді деген сөз емес. Зерттеушілердің пайымынша, rs838133 ретінде белгіленген аллель қан қысымның жоғарылауына әсер етеді. Ал түрлі аллельдер мен олардың фенотипті қасиеттерінің арасындағы байланысты зерттеу, қандайда бір генге бағытталған.
29 сәуір 2018 ж. 499 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№64 (1563)

20 тамыз 2019 ж.

№63 (1562)

17 тамыз 2019 ж.

№62 (1561)

13 тамыз 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Тамыз 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
262728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 901 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам