Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОРТАЛЫҚ

ҰЛТТЫҚ ӨНЕРДІ ҰЛЫҚТАҒАН ОРТАЛЫҚ

  Соңғы жылдары ұлттық болмысты сақтап, құндылығымызды дәріптеуге баса көңіл бөлінуде. Бұл бағытта аймақта біршама ілкімді істер жүзеге асырылуда. Өткен тарихымызды танып, оны келер ұрпаққа мұра етіп қалдыру – бүгінгі буынның міндеті. Осы ретте қолөнер шеберлерінің қосар үлесі зор.
Бір қуанарлық жайт, бүгінде қолөнер бұйымдарын жасау жастар арасында кең етек жайып келеді. Әсіресе, ұлттық нақышта түрлі дүниелер әзірлейтін қыз-келіншектер қатары көбейген. Олардың бұған қызығушылық танытып, кәсіп көзіне айналдыруы құптарлық іс.
Жуырда қаладағы қолөнер орталығының қатары тағы да толықты. Елімізге белгілі қолөнер шебері Қарлығаш Ілиясова аталмыш өнерді серік еткендердің кәсіптік деңгейін көтеру және халық қазынасын өндіріс көзіне айналдыру мақсатында жаңа орталық ашқан еді. Қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің қолдауымен жүзеге асқан бұл өнер орны ұлт кәсібін дамыта отырып, отандық өнім қалыптастыруды көздейді.
Осы орайда орталық ұжымы «Өңірдегі ұлттық қолөнер кәсібін дамыту. Отандық өнім» тақырыбымен семинар өткізді. Оған қалалық кәсіпкерлік, өнеркәсіп және туризм бөлімінің басшысы Ж.Сейілов қатысып, жаңа бастамаға сәттілік тіледі. Көпшіліктің жаңа жобаны қолдап, ұлттық брендіміздің қалыптасуына үлес қосатынына сенім білдірді.
– Қазіргі таңда орталықта жиырмаға тарта қыз дәріс алуда. Алдағы уақытта икемі бар шәкірттер қатарын толықтыру жоспарда бар. Сол арқылы жастардың ұлттық өнерді үйренуіне сеп болсақ деймін. Олардың ата-баба өнерін жалғастыруына, өскелең ұрпаққа қаз қалпында жеткізуіне үлес қосу – басты мақсатымыз. Осы орайда, облыс басшылығының, Қазақстан Қолөнершілер Одағының және БҰҰ-ның бізге қолдау білдіріп отырғандығын ерекше атап өткім келеді. Халқымыздың дәстүрлі өнерін жаңғырту – біздің негізгі міндетіміз. Бізге келіп халқымыздың қолөнерін үйренемін деген әрбір адамға есік ашық, – деді орталықтың төрайымы.
Жиында аймаққа белгілі Б.Жақыпов, Қ.Ілиясова, Д.Тойшыбаев сынды шеберлер жиылған қауымға шеберлік сабағын көрсетті. Сондай-ақ, бірқатар қолөнершілерді бөлім басшысы Алғыс хатпен марапаттады.

Айдана СЕЙІЛ.

23 қазан 2017 ж. 426 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№86 (1488)

13 қараша 2018 ж.

№85 (1487)

10 қараша 2018 ж.

№84 (1486)

06 қараша 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1234
567891011
12131415161718
19202122232425
2627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 984 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам