Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ӘЛЕМДЕ ЕҢ КӨП МҰҢАЯТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

ӘЛЕМДЕ ЕҢ КӨП МҰҢАЯТЫН МЕМЛЕКЕТТЕР БЕЛГІЛІ БОЛДЫ

   Әлеуметтанушылар 150-ге жуық мемлекет арасында сауалнама жүргізді
 Өткен он жылдықпен салыстырғанда 2017 жылы әлемде жайсыз жағдайлар көп болды. Бұл туралы Gallup әлеуметтік қызметі өткізген сауалнамадан белгілі болды. Аталған қызмет жыл сайын жағымсыз тәжірибелердің индексін есептеп отырады.
Әлеуметтанушылар 146 мемлекеттегі адамдар арасында сауалнама жүргізді. Азаматтарға бір күн бұрын өздерін қалай сезінгендері туралы сұрақтар қойылды. Негізінен сұрақтар күйзеліс, дененің ауыруы, мұңаю және ашу төңірегінде қойылды. Нәтижесінде респонденттердің 38%-і бір күн бұрын бір нәрсеге алаңдағандарын, 37%-і күйзеліске түскендерін, 31%-і денелерінің ауырғанын айтқан. 23%-і мұңайса, 20%-і қатты ашуға бой алдырған.
Әлемде жайсыз жағдайлар ең көп болатын мемлекет Орталық Африка екені белгілі болды. Аталған мемлекетте респонденттердің 76%-інің денесі ауырған, сондай-ақ, 74%-і өздерін жайсыз сезінген. Бұл соңғы он жылдағы ең үлкен көрсеткіш.
Екінші орында 2008 жылдан бері ең жағымсыз жағдайлар көп болатын мемлекеттер бестігіне тұрақты түрде кіріп келген Ирак тұр. Үшінші орында Оңтүстік Судан, ал кейінгі орындарда Чад, Сьерра-Леоне, Мысыр, Иран, Нигер, Палестина территориясы, Либерия, Мадагаскар және Уганда.
Көршілес Ресей Швеция, Нидерланды, Польша және Моңғолия сынды мемлекеттермен бірге жайсыз жағдайлар аздау болатын мемлекеттер тізіміне енді.
Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Қытай алкогольді көп тұтыну себебінен өлім-жітім ең көп болатын мемлекет қатарына кірген еді.
sputniknews.kz


14 қыркүйек 2018 ж. 515 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№37 (1536)

18 мамыр 2019 ж.

№36 (1535)

14 мамыр 2019 ж.

№35 (1534)

09 мамыр 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Мамыр 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 3 287 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам