Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БАҚЫТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ АТАЛДЫ

БАҚЫТТЫ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫҢ БАСТЫ БЕЛГІСІ АТАЛДЫ

    Зерттеушілердің айтуынша, жұбайлар "біз" есімдігін жиі қолданса, олардың қарым-қатынасын салауатты деуге болады. Бұл сөз олардың ойына, сезімі мен мінез-құлқына әсер ететіндігі және олар өзімшілдікке бейім болмайтыны анықталды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lenta.ru сайтына сілтеме жасап.
Зерттеудің нәтижелері EurekAlert-та жарияланды. Зерттеуге 5,3 мың адам қатысты. Сарапшылар әңгімесінде "біз" деген сөз жиі естілетін ерлер мен әйелдердің қарым-қатынасы басқалардан табыстырақ, сау және бақытты болып шықты. "Бұл өзара тәуелдіктің және жалпы позитивтің белгісі", - дейді зерттеу авторларының бірі Александр Каран. Ол өзара тәуелділік дұрыс қарым-қатынастың көрсеткіші екенін түсіндірді, себебі ол қиын кезеңде адамдардың бір-біріне қолдау көрсету қабілетіне әсер етеді. Өзара тәуелділік теориясы 1950 жылдары пайда болған, онда мұндай қарым-қатынастағылар бірін-бір жақсы сезінеді және түсінеді делінген.  Сауалнамаға қатысқандардың жартысына жуығы некеде болған. Барлығынан бес критерия бойынша қарым-қатынастарын бағалауды сұраған: қатынас нәтижесі (қанағаттану, байланыс ұзақтығы), өзара әрекеттесудің сипатын (оң немесе теріс), психикалық денсаулықты, физикалық денсаулықты және өзін-өзі күту. Нәтижесінде ерлер де, әйелдер де, жастар мен қарттар да "біз" сөзіне ең жоғары балл қойып, қарым-қатынастарын бүтін бір дүниеге бағалаған.  Ғалымдардың пікірінше, "біз" есімдігін пайдалану, әсіресе жанжал кезінде қарым-қатынасты жақсартуға мүмкіндік береді.

09 қазан 2018 ж. 281 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№78 (1480)

16 қазан 2018 ж.

№77 (1479)

13 қазан 2018 ж.

№76 (1478)

09 қазан 2018 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2018    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 1 757 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам