Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ҒАЛЫМДАР ІРІМШІКТІҢ ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ

ҒАЛЫМДАР ІРІМШІКТІҢ ЖҮРЕК АУРУЛАРЫНЫҢ АЛДЫН АЛАТЫНЫН ДӘЛЕЛДЕДІ

     Қытайдағы Сучжоу университетінің ғалымдары күнделікті ірімшікпен ауқаттану арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының алдын алуға болатыны жөнінде айтты.
Жүргізілген зерттеу барысында ғалымдар «франциялық парадоксты» түсіндіруге тырысқан. Құрамы холестеринге бай әрі майлы тағамдарды жиі тұтынатын франциялықтар жүрек-қан тамырлары ауруларына сирек шалдығады екен. Алайда ірімшік құрамында жүректің жұмысына кері әсерін тигізетін майлы қышқылдар көп мөлшерде кездеседі екен.
Ғалымдар түрлі аурулар кезінде тағайындалатын емдәмдер туралы 15 ғылыми жұмысқа сараптама жасапты. Нәтижесінде күн сайын 40 грамм мөлшерде ірімшік жеу арқылы жүрек-қан тамырлары ауруларының пайда болуын 14 пайызға, ал жүрек талмасының болуын 10 пайызға дейін төмендетуге болатынын аңғарған.
Мамандардың сөзінше, ірімшік ағзадағы «жақсы» холестериннің мөлшерін арттырып, «зиянды» холестеринді азайтады екен. Сонымен қатар, ірімшік құрамында артерияны ластанудан қорғайтын заттар да кездеседі.
Холестерин – қанда әртүрлі липопротеин түрінде кездестетін майлы спирт. Тығыздығы төмен липротеиндер ұсақ тамырларды бітеп, жүрек-қантамырлар жүйесінде ақау тудыруы мүмкін. Осының салдарынан адамдардың көпшілігінде жүрек-қан тамырлары ауруы пайда болады екен.
13 қараша 2018 ж. 469 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам