Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » ШАЛА ТУЫЛҒАН СӘБИГЕ МЫНА ЫРЫМДЫ ЖАСАҢЫЗ

ШАЛА ТУЫЛҒАН СӘБИГЕ МЫНА ЫРЫМДЫ ЖАСАҢЫЗ

Қазақта шала туылғандарды «шалабай» деп ерекше қадірлеген. Мезгілінен бұрын дүние есігін ашқан сәбилердің күтімі ерекше болған. Оларға перзентханадан арнайы орын беріп, дәрігерлердің жіті бақылауында болады. Өйткені шала туылған сәбилердің терісі жұқа, өздері тым арық әрі әлсіз келеді. Құмарлана емуге де шамасы келмейді. Мұндай кезде отбасының үлкендері жас анаға қолдау көрсетіп, үлкен жауапкершілік пен төзімді сезіндіруі тиіс. Шала туылған сәбиді бірден перзентханадан шығара салмайды. Кем дегенде 7-10 күн дәрігерлердің қарауында болады. Осы уақыттан соң анасының да, сәбидің де денсаулығында ешқандай кінәрат болмаса, үйге шығуға рұқсат етіледі. Қазақ халқында шала туылған сәбиді айы-күні жеткенінше тымаққа салып, жоғарыға іліп қойған. Бұл ырым баланың саулығына алаңдағаннан жасалған шығар. Тымақтың іші жылы, құйтақандай ғана балаға жайлы болса керек. Жалпы, шала туылған сәбиге жасалатын ырым туралы көп балалы ана, шымкенттің тұрғыны Маржан Сайлыбаева айтып береді. Ол үшінші сәбиін мерзімінен бұрын босанған екен. Оларға жасалатын күтім мен ырымды көпшіліктің назарына ұсынады. Маржан Арманқызы, Шымкент қаласы: - Үшінші ұлымды айынан бұрын босандым. Дәрігерлер 22 наурызда босанатынымды айтқан болатын. Бірақ жүктіліктің 28 аптасында жедел-жәрдеммен перзентханаға келдім. Дәрігерлер босандырып алудың қамына кірісті. Алғашында кесер тілігімен босандырамыз деген. Бірақ табиғи жолмен босандым. Перзентханада 7 күн жаттық. Өзімнің де, ұлымның да саулығына алаңдауға негіз болмағандықтан, дәрігерлер үйге қайтуға рұқсат берді. Бірақ аймақтық дәрігерлер күн сайын жағдайымызды сұрап, бөпемнің жағдайын бақылауда ұстады. Осындай жағдайда әжеміз көп көмектесті. Қолға да ілінбейтін бөбегімді күніне екі реттен суға шомылдырып, майлап, бесікке бөлейтін. Салмағы аз, терісі де тым жұқа, түкті болатын. Аяқ-қолдары тым әлсіз, анасы болсам да ұстауға қорқатынмын. Денесі кішкентай болғанымен, басы үлкендеу еді. Енем шомылдырып болған соң, сәбиіме арнап арнайы тігілген иткөйлекті кигізетін. Жастығының астына тесік күлше, көрпешенің шеттеріне жаңғақтар қоятын. Себебін сұрағанымда «Шала туылғандарға жасалатын ырым. Күлше – баланың басының саулығын, тепе-теңдігін реттейді, ал жаңғақ, әлсіз баланың денесін шымыр етуге, шынықтыруға қажет. Негізінде шала туылғандарды мамық төсекке жатқызуға болмайды. Әрі олардың ұзақ уақыт ұйықтамауын қадағалау керек. Сондықтан да жастығының, көрпешесінің астына қатты зат қойған абзал» дейтін. Есімде. Перзентханадан келгенде бөпемді қайынатамның тымағына салып, атамыз жоғарыға көтерген. Бұл да шалабайларға жасалатын қазақтың ырымы болса керек. Бүгінде 2 жасқа жақындаған ұлымнан көп артықшылықты байқаймын. Балабақшадағы балалардан өзгерек. Бала болып мәшине, ұшақ, пистолет сынды ойыншықтармен ойнамайды. Керісінше құрастырмақ ойыншықтарға құмар. Ағаларының ойына келмейтін қылыш, машина құрастырып алады. Шыны керек, мұны 6 жасар ұлым жасай алмайды. Кейде шала туылған балаларда шынымен де ерекшелік бола ма деген ой келеді.
Ал тоқыма ісінің шебері Ұлтуар ханым шала туылған балаларға басынан аяғына дейін арнайы тоқылған тоқыма киімдер кигізу керек дейді. Тіпті, жаялдығы мен жамылғылары да тоқыма матадан жасалғаны дұрыс дегенді айтады. Иә, естімеген елде көп. 7 айлық болып туылғандарға Алла ерекше дарын береді дегенді де естіген боларсыз. Әжелеріміз ұрпағының келешегінің кемелденуін келін таңдаудан бастаған. Босағасын аттаған келінге тазалықты, иба мен әдепті қоса үйреткен. Құрсағына бала біткеннен бастап, ерекше күтімге алған. Көргенді аналарымыз жүкті келінді шалалықтан, көрсеқызарлықтан, бос сөзден, артық ойдан сақтаған. Өсек айту мен көреалмаушылықтың жаман қасиет екенін ұғындырған. Тазалыққа, жақсылыққа жаны құмар жүкті келіншек міндетті түрде дені сау ұрпақ әкеледі деп сенген. Сондықтан да шығар, шала туылатын сәбилердің бұрынғы кезбен салыстырғанда бүгінде саны көбейіп кеткен.
Ләззат АХМЕТОВА,
ERNUR.KZ


19 қараша 2018 ж. 459 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам