Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » АРЫҚТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ СТРАТЕГИЯСЫ

АРЫҚТАУДЫҢ ҒЫЛЫМИ СТРАТЕГИЯСЫ

Арықтау, ішке, бөксе мен иық аймағына жиналған артық майлардан арылу ниеті мыңдаған адамдарды диеталармен өмір сүруге бейімдегені анық.  Дегенмен, тек артық салмақтан арылу үшін емес, сол қажетті салмақты ұстап қалу үшін май қорымен қалай күресу керектігін білген жөн.
Ғылыми тұрғыдан, кардио мен жүгіру, физикалық жаттығулар май қорына әсер етпейді, олар калория мөлшерін ғана жояды. Яғни, артық салмақтың жиналмауы үшін ғана пайдалы. Физикалық кез келген жаттығу – зат алмасу жұмысын реттейтін әдіс.
Адам денесіне май екі түрлі жиналады: тері асты май және ішкі май. Тері асты майлары адам сымбатына көлеңке түсіргенімен, ішкі май секілді адам денсаулығы мен метаболизмге айтарлықтай әсер етпейді.
Ішкі май адамның гормональды жағдайына әсер ете отырып, зат алмасу үрдісін бұзады. Кейін адамның ішкі ағзаларына салмақ сала отырып, адамның омыртқасына зиянын тигізеді.
Ішкі ішек майлары есебінен адамдарда қарын пайда болады. Олар алдымен ішек, ұйқы безі мен бауырларда жиналады. Кейін семіздікке ұласқанда асқазанның ішкі қабатына жинала бастайды. Бұның бәрі ағзаға қысым түсіреді.
Қалай күресу керек? Ішкі ішек майларынан арылу үшін белсенді физикалық жаттығудан гөрі, баяу әрі бәсең түрде жасалатын кардио жаттығулар керек. Тері асты майлары: Бұлар – тері мен бұлшық ет арасына жиналатын жұмсақ май түрлері. Майдың бұл түрі аз қозғалыс жасайтын өмір салты мен бұрыс тамақтанудың кесіренен қалыптасады. Ағза күнделікті килокалорияны 500-700 ккалға азайту арқылы аптасына 400-700 г тері асты майын жоя алады. Тері асты майдың кету жылдамдығы баяу болғандықтан, ашығу диеталарына отырып немесе үздіксіз жаттығу жұмысын істеудің қажеті жоқ. Ол кезде май емес, бұлшық етіңізді жоғалтып алуыңыз мүмкін.
Іш пен бүйірге жиналатын май: Іште жиналғанына қарамастан, бұлар тері асты май түріне жатады. Бұл май түрлерінен туындайтын басты мәселе жыныстық гормондарға қатты әсер етеді. Майдан арылу үшін инсулин мен қандағы қант мөлшерін төмен деңгейде ұстау керек. Сонымен қатар, ұзақ мерзімді аз мөлшердегі көмірсуға ие тамақтармен қоректенген дұрыс.
Қалай арықтау керек: Тиімді арықтау метаболизмнің жұмысын толық түсініп, кейін өзіңіздің тамақтану мәзіріңізді зерттегеннен соң ғана іске асады.
1. Қай май түрімен күресіп жатқаныңызды анықтаңыз: Соған сәйкес спорт түрін, жаттығулар мен тамақтану режимін қалыптастырыңыз.
2. Іш бұлшықетіне арналған жаттығулардан көп нәтиже күтпеңіз: Олар майдан құтылуға көмектеспейді, тек бұлшық еттің жинақталуына әсер етеді.
3. Тамақтану режимін өзгертіңіз: Диеталардан сақ болыңыз. Майсыздандырылған тағамдардың басым көпшілігі салмақ қосуға алып келеді. Өйткені, майдың орнын жылдам көмірсулар алмастырады.
4. Бір аптада тез салмақ тастаудан қашыңыз: Дұрыс арықтау – баяу іске асатын үрдіс.
Ғалымдардың айтуынша, май жасушалары мүлдем жойылып кетпейді, тек қана жинақталып, өлшемі кішірейеді. Сондықтан, арықтап алып, қалағанымды жеймін деген ойдан қазірден бастап бас тартқаныңыз жөн.
Арықтаудың әдістерінен бұрын, салмақ қосуға себеп болған факторларды зерттегеніңіз жқ. Мүмкін, бір ғана әдет сізге артық салмақтан арылуға себепші болар. Әйтпесе, “жазға дейін арықтау керек” атты ешқашан аяқталмайтын ойынның құрбаны боласыз...

massaget.kz
20 қараша 2018 ж. 504 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам