Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » INSTAGRAM ЖАЛҒЫЗДЫҚ СЕЗІМІ МЕН ДЕПРЕССИЯНЫ КҮШЕЙТЕДІ - ҒАЛЫМДАР

INSTAGRAM ЖАЛҒЫЗДЫҚ СЕЗІМІ МЕН ДЕПРЕССИЯНЫ КҮШЕЙТЕДІ - ҒАЛЫМДАР


АҚШ-тағы Пенсильвания университетінің психологтары әлеуметтік желіні ұзақ уақыт бойы қолданудың жалғыздық сезімін арттырып, депрессияға ұшырататынын анықтады. Олардың жұмысы Journal of Social and Clinical Psychology журналында жарияланды, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Мамандар өз зерттеуін 143 студент арасында жүргізді, олар Facebook, Instagram және Snapchat желілерін белсенді қолданатын жастар. Зерттеуге дейін олардың көңіл күйі мен өздерін қалай сезінетіндерін анықтау мақсатында сауалнама жүргізілді, сонымен қатар, iPhone статистикасының көмегімен әлеуметтік желідегі белсенділіктің орташа уақыты өлшенді. Осыдан кейін студенттер екі топқа бөлінді. Бірінші топтағылар бұрынғыдай әлеуметтік желіні қолдана берді. Екінші топтағылар әлеуметтік желіні бір күнде он минут қана қолданды. Зерттеу жұмысы үш аптаға созылды.
Зерттеу жұмысы аяқталғаннан кейін психологтар арнайы анкета дайындады, онда жеті көрсеткіш болды: әлеуметтік қолдау, қоршаған ортадан шығып қалу қорқынышы, жалғыздық, мазасыздық, депрессия, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі қабылдауы. Зерттеу нәтижесінде жалғыздық пен депрессияның әлеуметтік желіні қолдану уақытымен тікелей байланысты екені анықталды. Сонымен қатар, сараптамалық, яғни екінші топтың мүшелерінен бақылау тобының, яғни, бірінші топтағыларға қарағанда депрессияның белгілері аз байқалған.
"Әлеуметтік желіге аз көңіл бөлу адамның өзін жалғыз сезінуіне жол бермейді. Кейбір мамандар оны түсіндіріп берді, болжауларынша, оның себебі - санадағы салыстырушылық. Адам өзге бір адамның өміріндегі оқиғаларға қарап, мысалы, Instagram желісінде, өзінен басқаның барлығы одан жақсы өмір сүреді деп ойлайды", - деді зерттеу тобының жетекшісі Мелисса Г. Хант.
24 қараша 2018 ж. 398 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам