Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » БІР БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДЕ ТҰРУДЫҢ ҚАУІПТЕРІ АТАЛДЫ

БІР БӨЛМЕЛІ ПӘТЕРДЕ ТҰРУДЫҢ ҚАУІПТЕРІ АТАЛДЫ


Бір бөлмелі пәтерде тұрудың бірнеше қаупі бар екені анықталды, - деп хабарлайды
Tengrinews.kz тілшісі Wday.Ru басылымына сілтеме жасап.
Психолог Анна Гарштың айтуынша, тар үйде тұрған адамдар зауқы болмай, күйзеліске жиі ұшырайды.
"Жас кезінде пәтердің тар екеніне назар аудармайсың. "Ең бастысы енді өзімнің үйім бар" деп айтады. Адам белгілі бір жерге көшіп келген соң ол онда жиһаз, кітаптар және тағы басқа заттарды да орналыстыру қажет қой. Содан тар үйде адамның санасында белгілі бір қысымның жасалып жатқаны байқалады. Жеке кеңістіктің болмауы салдарынан адам қызба болып, ештеңеге зауқы болмай, күйзеліске ұшырайды", - дейді психолог. Сондай-ақ, үйдің тар болуы артық салмақ жинауға әсерін тигізетіні айтылады.
Маманның айтуынша, ең қызығы бір бөлмелі пәтерлерде тұратын балалардың психологиясы басқаша болады екен.
"Олар (балалар - автор.) кішкентай кездерінен-ақ жеке кеңістіктерінен айырылады. Осылайша, бір бөлмелі пәтерде өскен балаларға жеткілікті көңіл бөлінбейді және олар өзімен жасты балалармен де аса араласқысы келмей, оқу үлгерімі де жақсы болмайды", - дейді Гарш.
Осы ретте психолог бір бөлмелі пәтерде екі адамға ғана тұруға кеңес береді. Ал дәрігер-терапевт Анна Демьяненконың сөзіне сүйенсек, тар пәтерлерде таза ауа үнемі жеткіліксіз болып, адамның иммунитеті төмендейді. Дәрігер бір адамның тұратын аумағы 14 шаршы метр болуы керектігін айтады.
26 қараша 2018 ж. 445 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам