Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар кофенің тағы бір пайдасын анықтады

Ғалымдар кофенің тағы бір пайдасын анықтады

   Адамды сергітетін сусынның құрамында кездесетін заттар ми мен жүйке жүйесінің кей дерттеріне қарсы тұра алады. Ратгер университетінің дәрігер ғалымдары анықтағандай, кофеин мен кофе құрамында кездесетін тағы бір зат жұптасып Паркинсон ауруы мен Леви денешігі деменциясының (ақыл-ес кемдігі) алдын алуға және одан емдеуге септігін тигізеді, деп хабарлайды MedicalXpress.
Порталдың мәліметіне сүйенсек, зерттеушілер кофе дәндерінің құрамында кездесетін серотонин затынан пайда болған эйкозаноил-5-гидрокситриптамидтің Паркинсон ауруына шалдыққан және жүйкесі зақымдалған ағзаға әсерін зерттепті.
Ғалымдар қорытындысына сәйкес бұл қосылыс пен кофеин мида қауіпті нәруыздардың жиналуынан сақтайды. Яғни кофе ішу ми дерттерінің алдын алады.
Бір қызығы, бұл екі зат жұптасқанда ғана емдік қасиетке ие болады, жекелей алғанда дертке қарсы ешқандай әсері жоқ.
Паркинсон ауруы – жүйке жүйесінің дерті, оның салдарынан қимыл-қозғалыс баяулап, бұлшықеттердің тонусы азаяды.
Леви денешігі деменциясы – психотикалық кемістік, вегетативті қызметтің бұзылуы. Екі дерт те негізінен қартайған кезде пайда болады.
sputniknews.kz
13 желтоқсан 2018 ж. 442 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№72 (1571)

17 қыркүйек 2019 ж.

№71 (1570)

14 қыркүйек 2019 ж.

№70 (1569)

10 қыркүйек 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қыркүйек 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
30 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 5 778 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам