Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ерлердің миы ерте қартаяды

Ерлердің миы ерте қартаяды

   Қанша егде тартса да әйелдердің ерлерге қарағанда есте сақтау қабілеті жоғары болады екен.
Мұның сыры неде? Себебі, ерлер мен әйелдердің дене мүшелерінің қартаюында да айырмашылық бар екен.
Вашингтон университеті ғалымдары 205 адамға арнайы зерттеу жүргізген. Оның 121-і әйел болса, 84-і ер. Олар 20 мен 82 жасқа дейінгі аралықты қамтыған. Барлығы позитронды-эмиссиялық томографиядан өткен. Осы арқылы глюкоза мен оттекті қажет ету мөлшері өлшенген. Зерттеу нәтижесінде ерлердің миы әйелдердікіне қарағанда ерте қартаятыны анықталған. Мәселен, әйелдердің миы ерлерге қарағанда орташа есеппен 3,8 жылға жас болып шыққан. Ал ерлердің миы өзінің табиғи жасынан 2,4 жыл егде болады екен. Сол үшін де ерлердің миы ерте қартаяды деген қорытындыға  келген.
Сондай-ақ, ерлер әйелдерге қарағанда үлкен өмірді 3 жыл ерте бастайды. Мұны есептейтін болса, нәтиже теңеседі.
- Біз әзір нақты қорытынды жасауға асықпаймыз. Дегенмен әйелдер қартайса да есте сақтау қабілеті жоғары болатынын аңғаруға болады. Бұл олардың миының жас болуына байланысты. Қазіргі таңда бұл гипотезаны әлі зерттеудеміз, – деген университет доценті Ману Гоял.
Дайындаған  А.Батырбайқызы.

28 наурыз 2019 ж. 581 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 459 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам