Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Қош бол, жастық шақ": Мамандар ерте қартайтатын бес өнімді атады

"Қош бол, жастық шақ": Мамандар ерте қартайтатын бес өнімді атады

  Адам ағзасын ерте қартайтып, терісіне кері әсер ететін өнімдер бар. Олардың көбі адамдардың күнделікті тұтынатын сүйікті тағамы болып шықты деп хабарлайды med.vesti.ru сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ
Қуырылған картоп
Жоғары температуралы майда қуырылған тағам тері қартаюына әсер ететін радикалдарды бөледі. Олар тері икемділігін төмендетіп, әжімдерді көбейте алады. Оған қоса, ол бет пішінінің өзгеруіне ықпалдасуы мүмкін.
Ақ қант
Қант ағзадағы коллагеннің жойылуына тікелей әсер ете алады. Коллаген - тері жасушаларын берік ұстайтын ақуыз болып табылады. Мамандардың айтуынша ағзада қанттың мөлшері көбейген сайын коллаген жойыла бастайды. Сондықтан, тәтті жегіңіз келгенде қантты жеміс-жидектермен алмастырсаңыз болады.
Өңделген қызыл ет
Шұжықтың түр-түрі - өңделген қызыл ет болып есептеледі. Ол тері жастығына зиян келтіруі ықтимал. Мұндай еттің құрамында натрий, сульфиттер мен қаныққан май бар. Олардың қосындысы коллагенді жойып, тері құрғақтығына әкеп соғады.
Кофеин
Кофеин зәр шығару процесін жеделдеткенімен, тері қартаюына еш әсер ете алмайды. Дегенмен, ол сіздің ұйқыңызды бұзуы мүмкін. Ғалымдардың айтуынша ағза үшін тек ұйқы уақыты ғана емес, сапасы да маңызды.
"Булы" тағамдар
Тұмшапеште әзірленген тағамдар айтарлықтай пайдалы болмай шықты. Соңғы зерттеулер бойынша, құрамында омега-6 майлы қышқылдары бар қанықпаған майлардың кейбірі радикалдарды түзетіні анықталды. Сондықтан, тұмшапеште тағам даярлағыңыз келсе, май қоспағаныңыз абзал.
05 сәуір 2019 ж. 774 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 459 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам