Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ғалымдар қанттың адам көңіл-күйіне қалай әсер ететінін айтып берді

Ғалымдар қанттың адам көңіл-күйіне қалай әсер ететінін айтып берді


Ұлыбритания және Германия ғалымдары қанттың адам ағзасына әсері туралы 31 түрлі зерттеуді саралап, қант адамды белсенді етеді деген пікірді жоққа шығарды. Олардың қорытынды мақаласы Neuroscience & Biobehavioral Reviews басылымында жарияланған деп хабарлайды life.ru-ға сілтеме жасаған
KAZ.NUR.KZ.
Ғалымдардың сөзінше, 1950 жылдары тәтті газдалған сусын пайда болғаннан бастап адамдар қарапайым көмірсуларды көп пайдаланады.
Қазіргі уақытта АҚШ халқы тиісті мөлшерден үш есе көп қант жейді.
"Қант адамның көңіл-күйін жақсартады деген ұғым поп мәдениетте кең тарап кетті. Сол себепті әлем бойынша адамдар көңіл-күйін көтеріп, шаршағанын басу үшін тәтті сусындар іше бастады", - деді Берлин қаласында орналасқан Гумбольдт университетінің психологы Константинос Мантантзис.
Қантты қолданғаннан кейін адам өзін жақсы сезіне бастайтынын көрсететін зерттеулер өте көп.
Бірақ мамандар бұл жұмыстарды басқа қырынан қарап шықты.
Нәтижесінде зерттеушілер бұрынғы жұмыс нәтижелеріне кері қорытынды жасады. Олардың хабарлауынша, тәтті газдалған сусын ішкен адам, керісінше, енжар болып кетеді.
"Біздің зерттеуіміз "қант безгегі" туралы аңызды жоққа шығарып, қоғамдық денсаулық сақтау органдары қантты аз жеуге бағытталған саясат жүргізеді деп үміттенеміз", - деп атап өтті британдық Уорик университетінің ғылыми қызметкері Элизабет Мейлор.
07 сәуір 2019 ж. 420 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1552)

13 шілде 2019 ж.

№52 (1551)

10 шілде 2019 ж.

№51 (1550)

06 шілде 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
1234567
891011121314
15161718192021
22232425262728
293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 4 228 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам