Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қырыққабаттың пайдасы

Қырыққабаттың пайдасы

 
Оны қалай жесе де пайдалы. Ашыған қырыққабат (капуста) тәбетті, асқазанның сөл бөлуін күшейтеді, ас қорытуды жақсартады. Ашыған қырыққабатты ас қорыту жүйесінің бұзылуына (қыжылдау, құсу, кекіру, жүрек айну, ықылық ат) алдын алу үшін пайдаланылады. Ашыған қырыққабат семіруге, шыжыңдыққа да қарсы ем. Қырыққабат сөлі (бұзылмаған) асқазанның әлсіреуін, қарын, ұлтабар жарасын, өт қабының, бауырдың әртүрлі ауруларын, асқазан қабынуын, тоқ ішек жарасының қабынуын емдейді. Сары ауру мен көк бауыр ауруларына да қырыққабат сөлін ішу қажет.

Қырыққабат шырыны асқазан сөліндегі қышқылдың көбейген кезінде қолданылады. Сапа болғанда, ауыз қолдырап, қабынып ауырғанда қырыққабат сөлін сумен араластырып, ауызды, тамақты шаяды. Бас ауырғанда, буын сырқырағанда ауырған жерге
қырыққабаттың жас жапырағын жапсырса, ауруды басады. Қырыққабаттың құрамында асқазан жарасына ем болатын заттар бар. Шырыны бауыр ауруына ем. Оны ішкеннен кейін аурудың жанға батқаны азайып, бауыр қалпына келеді. Қырыққабат шырынының құрамындағы күкірт пен хлор, иод асқазан мен ішектің шырышты қабығын тазартады. Ол ұлтабар жарасын да жазады. Бұл үшін қырыққабат шырынын 100 грамнан күніне 3 рет ішу қажет. Оған сәбіз шырынын қосып ішсе, әсері одан да жақсы. Бұл үшін 100 грамм қырыққабат шырынына 200-300 грамм сәбіз шырынын қосады.
16 қыркүйек 2019 ж. 231 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 042 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам