Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Бал беттегі қара нүктені кетіреді

Балдың пайдасы ұшан-теңіз. Оны тек пайдалы ас түрінде ғана емес, сұлулықты сақтаушы ретінде де қолдануға болады. Сондықтан бал үйіңізде міндетті түрде тұруы керек.
Беттегі қара нүктені кетіретін бал маскалары:
5 қасық балға 1 қасық тұз салып, араластырамыз. Қоспаны бетке жағып, 10-15 минуттан кейін жылы сумен мұқият жуу керек. Аптасына екі рет жасалады.
1 қасық ас содасын суға қосып ерітіп, 1 қасық бал қосамыз. Масканы бетке 10 минутқа қойып, жылы сумен жуамыз. Маска бетті қара нүктеден, артық заттардан тазартады.
Беттің ажарын ашатын бал маскалары:
Дәріханадан түймедақ (ромашка) сатып алып, екі қасық түймедаққа қайнаған су құясыз. Оған екі қасық бал қосып, қоспаға екі көзі ойылған мәрліні саласыз. Мәрліні бетіңізге қойып, 20 минуттан кейін бетті жуып тастайсыз.
Мандариннің шырынын сығып алып, оған бір ас қасық бал қосасыз. Қоспаны бетке жағып, 15-20 минуттан кейін жуасыз.
2 қасық балды 1 қасық лимон шырынымен араластырып, бетке жағады, 15-20 минуттан кейін жуады.
Құрғақ бетке арналған бал маскалары:
Жарты бананды езіп, жұмыртқаның сарысы мен жарты қасық қаймақты, жарты қасық балды араластырыңыз. Қоспаны 15 минут бетке жағып қойыңыз. Соңынан жылы сумен жуу керек.
Жұмыртқаның сарысына 1 қасық бал мен бірнеше тамшы жожоба майын тамызады. Қоспаны бетке жағып, 20 минуттан кейін жуады.
Бал мен сүттің қосындысын Клеопатра патшайым үнемі қолданған. Бал бетті нәрлендіріп, қоректендіреді, теріні жасартып, қанайналым жүйесін жақсартады. Бастысы балға қарсы аллергияңыз болмауы керек.
19 қыркүйек 2019 ж. 345 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№90 (1589)

19 қараша 2019 ж.

№89 (1588)

16 қараша 2019 ж.

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 042 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам