Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аяқкиіміңізден ИІС шыға ма? Мұздатқышқа салсаңыз тез кетеді

Аяқкиіміңізден ИІС шыға ма? Мұздатқышқа салсаңыз тез кетеді

Аяқкиімдегі жағымсыз иісті жеңетін 9 әдіс
Салқын түскелі бері жаздық ашық аяқкиімдерді қораптарға салып, жабық, жылырақ түрлеріне көшеміз. Әр нәрсенің екі жағы болатындай жабық, жылы аяқкиімдерден ұзақ уақыт шешпей киіп жүргеннен кейін жағымсыз иіс шыға бастайды. Әрине, бәрінен емес. Сапасы жоғары, таза былғары аяқкиімдер сасымауы мүмкін. Алайда аяқкиімнің барлығы бірдей былғары емес, сондықтан одан шыққан жағымсыз иіс аяқкиім иесін кез-келген жерде өте ыңғайсыз жағдайда қалдыруы мүмкін. Сасығаны үшін аяқкиімді қоқысқа тастауға асықпаған жөн. Оның жағымсыз иісінен құтылудың бірнеше қарапайым тәсілдері бар. Төмендегі жазылған әдістердің өзіңізге қолайлысын таңдап, аяқкиімдеріңізді жайлы етіп, ыңғайсыздықтардан құтылуға болады.
1. Желдету және кептіру. Егер жағымсыз иістің шығуы аяқкиімге су өткен немесе дымқылданғаннан болса, онда оны міндетті түрде толықтай кептіру керек. Аяқкиімнің бауы болса шешіп, кептіріп, содан кейін желдетуге қою керек. Мүмкіндік болса, күні бойы ашық жерге қойған жөн. Желдету өте қатты шыққан иісті де жойып кетеді. Бірақ аяқкиімнің неден суланғанын да анықтауды ұмытпау керек. Негізгі себеп жойылмай мәселемен қайта бетпе-бет келуіңіз мүмкін.
2. Ұлтарақ ауыстыру. Жағымсыз иістің пайда болуының тағы бір себебі ұлтарақ боуы мүмкін. Сондықтан оларды ауыстыру арқылы сасыған иістен біршама уақытқа құтылуға болады. Ол үшін ұлтарақты сатып аларда қатпарында ағаш көмірі немесе белсендірілген көмірі бар түрін іздеп сатып алған жөн. Себебі, бұл екеуінің бірі құрамында бар ұлтарақ тер мен ылғалды, иісті тез сіңіріп алады.
3. Марганец ерітіндісі (марганцовка). Азғана марганец ерітіндісінен жасалған қоспа кез-келген иісі шыққан аяқкиімді залалсыздандыруға көмектеседі. Ол үшін марганец ерітіндісін сумен араластырып, дәкені соған батырып, аяқкиімнің ішін толықтай ысқылап сүрту керек. Тек қоспаның ақшыл қызғылт түсті болғанын қадағалау қажет, олай болмағанда аяқкиімнің түсі өзгеріске ұшырайды.
4. Спиртті қоспа. Аяқкиімдегі жағымсыз иісті арақ немесе спирт те жақсы кетіреді. Аяқкиім ішін залалсыздандырып қана қоймай, иістен де арылтады. Жақсы нәтижеге қол жеткізу үшін аяқкиімді екі апта ішінде күнделікті тазартып тұру керек.
5. Сутек тотығы (перекис водорода). Бұл бактерияға қарсы ең тиімді құрал. Ол аяқкиімдегі иісті жойып, аяқ зеңінің алдын алады. Маңызды! Тіпті 3% сутек переоксиді аяқкиім ішін ашық реңге келтіреді. Сондықтан оны ашық түсті аяқкиімдерге ғана қолдану ұсынылады.
6. Ас содасы. Аяқкиімдегі иістен құтылуға ас содасы да жақсы көмектеседі. Ол үшін ас содасын дәкеге түйіп, аяқкиім ішіне салып қою керек. Ал еріншектер мен мүлде уақыты жоқ жандар үшін бұл әдістің жеңіл түрі бар. Аяқкиім ішіне ас содасын сеуіп түнге қалдыру қажет.Ал таңертең аяқкиімді жақсылап қағып немесе шаңсорғышпен тазартып жіберіп киіп кете беруге болады. Ас содасын кез-келген ұнтақ сеппемен алмастыруға болады, тек құрамында салицил қышқылы (салициловая кислота) болса болғаны. Сондай-ақ бұл әдіс те іші ақ түсті аяқкиімдерге арналғанын ұмытпаған жөн.
7. Сіркесу – жағымсыз иістерді жоюға кеңінен қолданылатын құралдардың бірі. Мақтаның бір бөлігін 6 немесе 9 %-дық сіркесуына малып алып, аяқкиімді ішкі және сыртқы жағынан жақсылап тазартып сүртіп шығу керек. Сүртіп болған соң ашық жел тиетін жерге қойып кептіріп, желдетіп алу қажет. ЕСКЕРТУ! Сіркесуды өте мұқият қолданып, сақтық шараларын ұстанған жөн. Қолға қолғап киіп алса құба-құп. Көзге, дененің ашық жерлеріне тиіп кетуінен сақ болған жөн.
8. Белсендірілген көмір. Бұл қара түсті аяқкиімдерге жақсы. 2 дана белсендірілген көмірді суда ерітіп, ерітіндісіне батырылған дәкемен аяқкиімнің іші-сыртын сүртіп шыққан соң кептіріп, желдетіп алу керек. Өте оңай.
9. Мұздату. Бұл өте қызық нұсқа. Дегенмен жасап көруге болады. Иісімен ыңғайсыздандырып жүрген аяқкиімді қалтаға салып, 4-5 сағатқа мұздатқышқа (морозильник) салып қою да жақсы нәтиже береді. Мұздатқыштан шыққан соң шамалы уақыт желдетіп алу керек. ЕСКЕРТУ! Бұл әдісті лакталған аяқкиімдерге мүлде қолдануға болмайды!

20 қыркүйек 2019 ж. 363 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 914 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам