Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Қайрат Нұртастың әйелі қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды

Қайрат Нұртастың жары Жұлдыз Абдукаримова қыз ұзатып, неке қиюды қолға алды.
Қанша уақыттан бері құрбым "Неге сен неке қиып, қыз ұзатпайсың?" дейтін. Алғашында "Ұят қой. Ел не ойлайды" деп бірнеше жыл тартқыншақтап жүрдім. Сосын жақында өз оқырмандарымның арасында сауалнама өткізгем. Қаншама адамның ілтипаты мен тілегін естідім. Шақыртуларын алдым.
Халықтың жақсы сөздерін оқып, батасына бөлендім. Ал енді "Биссимилях" деп бүгіннен бастап жас жұбайлардың некесін қиюға тапсырыстар қабылдаймын деп шештім. Әрине, жүректе қобалжу бар. Дегенмен қолдан келсе неге көрмеске. Мен некесін қиған әр жұбым кем дегенде 4 баладан тапса, көркем отбасы болса қандай жақсы", - деп жазды ол парақшасында.
Желі қолданушыларының бірі мұны құп көрсе, енді бірі қарсы пікір жазды.
"Жарайсыз, тек сәттілік тілеймін", "Қолдан келсе, қонышынан бас деген, қолыңыздан келсе, неге көрмеске", "Сіздің жолыңызды берсін", "Еріккеннің бәрі қыз ұзататын болған ба?", "Әнші-жыршының бәрі осылай оңай ақша тапқысы келеді", - деп жазды желідегілер.
20 қыркүйек 2019 ж. 566 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№97 (1596)

14 желтоқсан 2019 ж.

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 443 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам