Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Тіс пастасын қалай таңдайсыз?

Тіс пастасын қалай таңдайсыз?

Тіс пастасын таңдағанда түрлі факторды ескерген жөн. Оны түсіне, иісіне, қаптамасына ғана мән бермей, құрамына, ерекшелігіне қарап таңдаған жөн. Тіс дәрігері София Шәмілқызы тіс пастасын дұрыс таңдауға қатысты baribar.kz айтып берді.
Көбіне адамдар тіс пастасын таңдағанда сыртындағы қызыл, жасыл немесе көк түсті белгісіне мән беріп жатады. Тіс дәрігері бұны дұрыс деп санайды. Бірақ мұндай белгі көбіне сапалы тіс пасталарында дұрыс сақталады екен. Арзан тіс пасталарында бұл белгілер болғанымен ешқандай әсері болмауы мүмкін.
Пастаның қаптамасындағы түстер ондағы қоспаларға қатысты қойылатыны рас. Бірақ ондағы қызыл немесе қара түсті пастаның құрамында химиялық заттар бар екен деп, мүлде пайдалануға болмайды деп түсінбеген жөн. Мысалы, қара түсті белгісі бар пастаны күнделікті қолдануға болмайды. Оның құрамы толық химиялық заттардан тұрады. Мұндай паста көбіне тісі қатты ауырып жүрген адамдарға ұсынылады. Көк түсті пастаның құрамында шамамен 80% химиялық зат болады. Ол қатты зиян емес, жиі қолдануға болады. Ал қызыл түсті пастадағы химиялық заттар мен табиғи қоспаның мөлшері тең. Бұл пастаны ауыз қуысын күнделікті тазартуға падалануға болады. Оны ересек адам да, бала да қолдана береді. Жасыл түсті паста – табиғи өнім. Бірақ ол барлық тіс түріне арналмаған. Мұндай пастаны дәрігер кеңесімен пайданған жөн, – дейді маман.
Тісті ағартатын, қызыл иектің қанауын тоқтататын немесе күнделікті тіс күтіміне арналған паста таңдамастан бұрын дәрігерге тексерілу керек.
Адамдар тіс паста сатып аларда көп нәрсеге мән бермейді. Әйтеуір күнде тіс жуу керек деген оймен таңдамай ала беретіндер де бар. Бірақ әр адамның тісі әртүрлі ғой. Кейбірінің қызыл иегі қанауы мүмкін, бірінің тісінде ауру болуы мүмкін, тағы басқа әркімде әртүрлі мәселе бар. Сондықтан тіс пастасын таңдамас бұрын дәрігерге қаралып, ауру болса, емдетіп, кеңесін алу керек, – дейді тіс дәрігері.
Дәрігер тіс ағартатын пастаны 12 жасқа дейінгі балалар мен жүкті әйелдерге қолдабауға кеңес берді. Пародонта мен қызыл иегі ауыратын адамдарға да тіс ағартатын пастамен жуу одан әрі зиянын тигізеді екен.
Тіс пастасын таңдау кезінде түрлі-түсті жапсырмасына емес, оның құрамына, өндірушіге мән беріп, тұтынушылардың пікіріне құлақ асқан да жөн.
Ал гигиена пасталары тісі толық сау адамдарға күнделікті қолдануға арналған. Маманның айтуынша, онда ешқандай емдік қоспалар болмайды. Әдетте оның құрамында химиялық тұндырылған бор, глицерин, натрий тұзы, карбоксиметил целлюлозасы, парфюмер май, лурил сульфаты натрийі, су және парфюмерия мен консерванттар болады.
Дәрігер сапалы тіс пастасына қаржы аямай, ай сайын тіс щеткасын да ауыстырып тұруға кеңес берді.
21 қыркүйек 2019 ж. 248 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам