Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Аға басылым өкілдері аралдық оқырмандармен кездесті

Аға басылым өкілдері аралдық оқырмандармен кездесті

  Биыл аймақтың жылнамашысына айналған «Сыр бойы» мен «Кызылординские вести» газеттері 90 жылдық мерейтойын атап өтуде. Аймақтың ақпарат айдынында құстың қос қанатындай болған бұл аға басылымдар Сыр өңірінің тыныс-тіршілігімен біте қайнасып, талай түлекті түлеткен киелі ұстахана екендігі мәлім.
Кеше аталған қос басылымның редакторлары мен тілшілері Арал ауданында болып, оқырмандармен кездесті.
Кездесуге аудан әкімінің орынбасары Бектемір Жұмағұлов қатысып, жақсылық пен жаңалықтың жаршысы болған қос газетті мерейлі мерейтойымен құттықтады.
Жиын барысында «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің бас редакторы Қуат Шарабидинов пен Қазыбек Ботаев аталмыш газеттердің тоқсан жылдық тарихымен қатар, өткені мен бүгіні жөнінде ой өрбітті.
Киелі шаңырақта өз қолтаңбаларын қалдырып, талай жыл қалам тербеген журналистиканың абыз ақсақалына айналған Шәкірат Дәрмағамбетов, Жолдасбек Ақсақалов, Жұмабай Жақып, Жаңабай Кемал бастаған аға буын өкілдері қызмет еткен жылдарындағы қызығы мен қиындығы қатар өрбіген кезеңдері жайлы естеліктерін ортаға салды.
Сонымен қатар, жас буынға журналистік жол көрсетіп жүрген «Сыр бойы» газетінің жас тілшілері Ержан Қожас пен Айдана Жұмадинова және аудандық «Толқын» газетінің бас редакторы Абай Елеш сөз алып, газеттің бүгінгі тынысы мен ақпарат айдынының ауқымы жайын сөз етті.
  Басқосуға жиналған қос басылымның тұрақты оқырмандары өз пікірлерімен бөлісіп, ізгі тілектерін жеткізді.

03 қазан 2019 ж. 154 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам