Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ұлағатты маман иелері ұлықталды

Ұлағатты маман иелері ұлықталды

 Ұстаз – ұлағатты мамандық. Адамның адамшылығы – жақсы ұстаздан. Мұғалім мәртебесі мен өнегесі оқушының болашақ азығы. Жақсы ұстазға кезігіп, тәлім-тәрбие алған шәкірт өмір майданында мойымай күресіп, болашақ жолда бағытынан таймасы анық.
         А.Тоқмағамбетов атындағы қалалық мәдениет үйінде ұстаздар күніне орай, «Ұстаз – Ұлы тұлға» атты салтанатты кеш өтті. Шараға қатысқан қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев ұлағатты жандарды кәсіби мерекелерімен құттықтап, жылы лебізін білдірді.
          – Ұстаз. Осы бір сөздің түбірінде қаншама киелі құдірет пен ұлағатты ұғым жатыр. Адам баласы қай заманнан бері оқуды үйреніп, ғылымды игеріп, білімді тоқумен келеді. Осы орайда оқушы зердесіне білім мен қатар тәрбиені ұштастыра білген ұстаздардың еңбегі елеулі. Олай болса, мұғалімдер күні дәрежесі биік, ең ұлық мереке. Қай заманда да қоғам ұстаз мәртебесіне селқос қарамаған. Себебі, ұстаз ұлды ғана емес, тұтастай ұлтты тәрбиелеуші тұлға. Ертеңі еңселі болғанын қалайтын кез келген мемлекет алдымен мұғалімдердің жағдайына мән беруі шарт. Осы мақсатта қала бюджетінің 40 пайыздан астамы білім саласына бағытталып келеді. Жыл сайын жаңа білім ошақтары мен балабақшалар пайдалануға берілуде. Оқу саласында атқарылған толымды істердің нәтижесінде оқушыларымыз түрлі байқауға қатысып, білім биігінде топ жарып келеді. Мұның барлығы Сыр өңірі ұстаздарының ерен еңбегінің нәтижесі деп білеміз, – деді қала әкімі Нұрлыбек Нәлібаев. 
          Салтанатты шарада шаһар басшысы Нұрлыбек Нәлібаев білім саласында қызмет етіп жүрген бір топ ұстаздар қауымын ҚР Білім және ғылым министрлігінің, облыс әкімінің алғыс хатымен марапаттап, қала әкімінің 150 мың теңге көлеміндегі қаржылай сыйақысын табыс етті. Мұғалім атты мәртебелі мамандықты меңгеріп, шәкіртінің толағай табысына кенеліп жүрген ұстаздың бірі – Нұрлан Мұсаев. Ол мерекелік жиында ҚР Білім және ғылым министрлігінің арнайы марапатына ие болды.
          – Мен қаладағы №4 IT мектебінде физика пәнінен сабақ беремін. Өзім де сол білім ошағынан түлеп ұшқан шәкірттің бірімін. Еңбек жолында үлкен табысқа жетсем, ол маған білім берген ұстаздарымның арқасы деп білемін. «Шәкіртсіз ұстаз – тұл» демекші, бүгінде сабақ берген оқушыларым биіктен көрініп, үлкен мамандықтың иесі атануда. Бұл – ұстаз үшін зор мақтаныш. Барлық әріптестерімді төл мерекемен құттықтай отырып, еңбектеріне жеміс тілеймін, – деді ол.
         Салтанатты жиында Сыр өнерпаздары мен мектеп оқушылары мұғалімдер қауымына мерекелік концерт ұйымдастырып, ән мен күйден шашу шашты.
Айнұр ТӨРЕМҰРАТОВА
 
    
05 қазан 2019 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам