Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » «Қайсар» Еуропа лигасына жолдама алды

«Қайсар» Еуропа лигасына жолдама алды


Қызылорданың «Қайсар» командасы жиырма жылдық үзілістен кейін футболдан Қазақстан кубогының иегері атанды. Осылайша қызылордалық клуб 2020 жылы еліміздің атынан Еуропа лигасының екінші сатысында сынға түсетін болды.
Бүгінгі кездесуде екі клубтың да гол соғатын мүміндігі болды. Бірінші кезеңде екі команда да сондай қолайлы сәттерді тиімді пайдалана алған жоқ.
Екінші кезеңде, 67-минутта, атыраулық Петр Гжельчак өз командасын алға шығарған еді. Бұдан кейін көп ұзамай «Қайсардың» капитаны Асхат Тағыберген алаңнан қуылды. Он футболшымен ойнағанына қарамастан 88-минутта қызылордалық команда сапынан Игорь Зенькович таразы басын теңестірді. Бұдан кейін қосымша тағы екі кезең қосылды. Бұл кезеңде қызылордалық Думан Нәрзілдаев 122-минутта өз командасына жеңіс сыйлады. Осылайша «Қайсар» қарсыласын 2:1 есебімен жеңді. Нәтижесінде биылғы Қазақстан кубогының иегері атанды.
Қызылорданың «Қайсары» сырт алаңда 1/8 финалда «Оңтүстік академиясын», ширек финалда Павлодардың «Ертісін» жеңіп кетті. Қызылордалық футболшылар жартылай финалда Қостанайдың «Тобыл» командасын сүріндірді.
«Қайсар» командасы 1999 жылы кубокқа ие болып, ол жолы Өскеменнің «Востогынан» 2:1 есебімен басым түсті. 1998 жылы финалға дейін жетсе, 2007 жылы жартылай финалда бақ сынады.
06 қазан 2019 ж. 150 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам