Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Көркемсурет галереясы жаңа туындылармен толықты

Көркемсурет галереясы жаңа туындылармен толықты

   Қызылорда қаласындағы көркемсурет галереясы белгілі суретші Салихитдин Айтбаев тұтынған тұрмыстық және шығармашылық заттармен толықты, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Аталмыш игілікті іс Тұңғыш Президент - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында жүзеге асты.
Қызылорда көркемсурет галереясы 2014 жылы ашылған. Галерея Қызылорда қаласы астана болған жылдарда салынған көне ғимаратта орын тепкен. Биыл шығармашылық үйіне белгілі қылқалам шебері Салихитдин Айтбаевтың есімі берілген еді.
Салихитдин Әбдісадықұлы Айтбаев 1938 жылы Қызылорда облысында дүниеге келген. Қылқалам шебері «Шопандар демалысы»,   «Бақыт», «Жас қазақтар», «Қонақ келді», «Ә.Әлімжанов», «Ана», «Әке», «Шопан», «Абай» портреттерін салды. Салихитдин Айтбаев Қазақстанның еңбек сіңірген өнер қайраткері атанды. Ол талантты кескіндемеші, график-суретші болатын.
Көркемсурет галереясындағы шараға арнайы келген суретшінің жұбайы Ләззат Қожабекова Салихитдин Айтбаев жайында естелік айтты. Сондай-ақ, галерея қоры суретшінің картиналарымен толықты.

09 қазан 2019 ж. 102 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 465 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам