Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » "Ақша қайда болса, әртістер сонда" деген Сәдуақасованы әріптестері сынға алды

"Ақша қайда болса, әртістер сонда" деген Сәдуақасованы әріптестері сынға алды

  «Ақша қайда болса, әртістер сонда» деген Мәдина Сәдуақасованың басы дауға қалды. Әріптестерінің бірі оны қоштай түссе, енді екіншілері керісінше қарсы шығып жатты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Shownews.kz арнасына сілтеме жасап.
Әлеуметтік желіге видео жүктеген Сәдуақасованың басы дауға қалды. Әнші қайда, ақша сонда деп ағынан жарылған бикешке бағытталған пікірлердің қарасы көп.

«Ақша болса болды. Бұларды елдің жағдайы қызықтырмайды», «Барлық әншінің маскасын шешіп тастадың-ау» деп жазды желі қолданушылары.

Әріптестерінің арасында оның пікірімен келіспейтіндері табылды.

«Әншілер ақша болса, сонда дейді? Ақшасыз жерге де барамыз, қарағым. Тек ақша бар жерге бармайсың ғой. Елдің бәрінде ақша жоқ. Ақшасы жоқтарға тегін концерт беріп кетеміз», - дейді Мақпал Жүнісова.

Сондай-ақ, өнердегі әпкесінің сөзін Роза Әлқожа да қоштай түсті.

«Мәдина енді... Әркімнің өз пікірі бар. Қанша ақша табамын десе, Алла берекесін бермесе, ешкім байып кетпейді», - дейді әнші.

Бағлан Әбдірайымов керісінше әншіге түсіністікпен қарайтынын айтты.

«Кім де кім ақша үшін өмір сүрмеймін деп айтатын болса, онда оны нағыз екіжүзді деп айтуға болады. Бұл әншілер болғаннан кейін, әрине, әншілеріміз бар жерде жүреді. Өйткені, барлығының гонорары бар. Бұл жасыратын да, ұялатын да нәрсе емес. Ол – ақиқат», - деді «Жігіттер» тобының солисі.
11 қазан 2019 ж. 153 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам