Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жақсы келін – ырысың

Жақсы келін – ырысың

   Қазақта «Келіні жақсы үйдің керегесі алтын» деген аталы сөз бар. Ұлттық санамызда ол жайында көптеген ұғым бар. «Келіннің аяғынан, қойшының таяғынан» демекші, жаңа түскен қалыңдық сол шаңыраққа бақ-берекесі мен ырыс-несібесін ала келеді деген сенім айтылады.
         Осы аптада қаланың сол жағалауындағы Жастар орталығында ұлттық әдет-ғұрып пен салт-дәстүрді берік ұстанған қазақ келіндерінің арасында «Ақ отау» сайысы ұйымдастырылды. Үй шаруасы мен қоғам жұмысын қатар алып жүрген нәзік жандылар байқауда да белсенділік танытты. Олар алдымен сахнада өздерін таныстырып, қазақтың салт-дәстүрі жайында қойылған сауалдарға жауап берді. Одан соң ортаға өз өнерін паш етіп, ұмыт болған ұлттық тағам дайындаудан сынға түсті.
Тағылымы мол шарада ұлттық құндылықтар ерекше көрініс тапты. «Қолында өнері бардың, аузында өлеңі бар» дегендей, сайысқа қатысушы жас келіндер өздерінің отбасылық өмірдегі міндеттерін қалай атқара алатындығы сарапқа салынды.
         Шара соңында қала әкімінің орынбасары Мира Қазбекова белсенділік танытып байқауға қатысқан әр отбасыға шынайы алғысын білдіріп, шаңырақтарына шаттық пен бақ береке тіледі. Сайыс қорытындысы бойынша келіндер жүлделі орынға ие болып, бағалы сыйлықтар табыс етілді.  
Айнұр МАМАНҚЫЗЫ
11 қазан 2019 ж. 88 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№80 (1579)

15 қазан 2019 ж.

№79 (1578)

12 қазан 2019 ж.

№78 (1577)

08 қазан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қазан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123456
78910111213
14151617181920
21222324252627
28293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 473 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам