Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Профилактикалық бағыттағы рейдттер жалғасуда

Профилактикалық бағыттағы рейдттер жалғасуда

   Қызылордада "Учаске"жедел – алдын алу іс-шарасы жалғасуда. Іс – шараның мақсаты - қаладағы жедел жағдайды тұрақтандыру, қызмет көрсетілетін учаскелердегі құқық бұзушылық пен қылмыстың алдын алу бойынша жұмысты жандандыру.
      Учаскелік полиция инспекторларынан басқа ауқымды шараға Қызылорда қаласының Полиция басқармасының барлық қызметтерінің, соның ішінде әкімшілік, көші-қон және криминалдық полиция қызметкерлері жұмылдырылған. Сондай – ақ, іс-шараға Қылмыстық - атқару жүйесі департаментінің қызметкерлері қатысты. "Учаске" жедел алдын алу іс-шарасы барысында №10 тірек пунктінің учаскелік инспекторлары ішкі істер органдарында профилактикалық есепте тұрған 466 азаматты, қоғамға қарсы мінез-құлыққа бейім азаматтарды, тұрғылықты жері бойынша тексерді. Әлеуметтік жағдайы нашар отбасылар мен қадағалаусыз жасөспірімдер анықталды.   Іс-шара аясында 15735 үй иелігі тексерілді, оның ішінде 8144 пәтер және 7591 жеке үй тексерілді. Барлық тұрғындармен профилактикалық әңгімелер өткізіліп, осы әкімшілік учаскеге қызмет көрсететін учаскелік полиция инспекторының мәліметтерімен визиткалар таратылды. Жалға берілетін 274 пәтер араланды.
 "Учаске" шарасы барысында тұрғылықты жері бойынша 2600-ге жуық атыс қаруының иесі тексерілді. Полиция қызметкерлері қаруды, оқ-дәрілерді және патрондарды сақтаудың ережелері мен шарттарды тексерді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.
     Қызылорда қаласының полиция Басқармасының баспасөз қызметі
11 қазан 2019 ж. 241 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 981 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам