Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Бірқатар азамат "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын иеленді

Бірқатар азамат "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағын иеленді

  Қала күні аясында өткен мерекелік кеште қаланың әлеуметтік-экономикалық дамуына, қоғамдық-саяси өмірінің өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі үшін бірқатар азаматқа "Қызылорда қаласының Құрметті азаматы" атағы беріледі.

Марапат иелерінің тізімін назарларыңызға ұсынамыз:

1. Әжібеков Қалқазбек - «Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері», «Парасат» орденінің иегері.
Қаржы саласында лауазымды қызметтер атқарып, қажырлы еңбегінің арқасында мемлекеттік мүлік жөніндегі облыстық аймақтық комитетінің төрағасы және облыс әкімінің орынбасары қызметін абыроймен атқарған қаржы саласының үздігі.

2. Мұсабаев Нәжмадин Түрікбенұлы - «Шалқия Цинк» АҚ басқарма төрағасының кеңесшісі. «Құрмет» орденінің иегері», қоғам қайраткері.
Еңбек жолында облыс әкімінің бірінші орынбасары, Қазалы, Жаңақорған, Арал аудандарының әкімі, Қызылорда қаласы әкімінің бірінші орынбасары қызметін атқарған. Қазақстанның құрметті құрылысшысы.

3. Әбенов Мұрат Абдуламитұлы - ҚР «Атамекен» Ұлттық Кәсіпкерлер Палатасы басқарма төрағасының орынбасары. Қоғам қайраткері.
ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Қызылорда облысы бойынша басқармасының ең алғашқы бастығы және облыстық ішкі саясат департаментінің директоры, облыс әкімінің орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
2007-2011 жылдары төртінші сайланған Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Ерен еңбегі үшін» медалінің және көптеген марапаттың иегері.

4. Мұстафаев Серік Жолдасбекұлы - Қазақстан Республикасы Қаржы Министрлігі мемлекеттік мүлік және жекешелендіру комитетінің Қызылорда облысы бойынша мемлекеттік мүлік және жекешелендіру департаментінің  басшысы.
Қызылорда қаласы бойынша салық басқармасының бастығы, Қызылорда облысы бойынша салық департаменті басшысының орынбасары қызметтерін абыроймен атқарған.
 Қажырлы еңбегінің арқасында «Қазақстан Республикасы тәуелсіздігіне 10, 25 жыл», «Қазақстан Конституциясына 20 жыл» мерекелік медальдарымен, Бауыржан Момышұлының «Батыр шапағаты» медалімен, «Салық қызметі үздігі» атағымен, ҚР Қаржы министрлігінің «Құрмет грамотасымен» марапатталған.

5. Нұрымбетов Жорабек Ибрагимұлы - «Қазсушар» Қызылорда филиалы «Қызылордасушар» мекемесінің басшысы. Қазақстанның үздік гидротехнигі.
«Ерен еңбегі үшін», «Қазақстанның ең үздік гидротехнигі» мерекелік медальдарымен марапатталған. Өңірде су шаруашылығын дамытуға еңбек сіңірген азамат.

6. Мұстафаев Садық Шоңмұрынұлы - Білім және ғылым министрлігі жанындағы Ұлттық дене шынықтыру  ғылыми-зерттеу орталығының директоры.
Облыстық туризм, дене шынықтыру және спорт басқармасының бастығы қызметінде Сыр спортшыларының әлемдік ареналарда үздік өнер көрсетіп, еліміздің көк туын желбіретуіне ерекше үлес қосқан ҚР еңбегі сіңген жаттықтырушы.
Қазақ күресі бойынша Қазақстанның спорт шебері, дзюдо бойыншахалықаралық дәрежедегі төреші. Құрметті спорт қайраткері, еңбек сіңірген жаттықтырушы. Ресей Федерациясының спорт, туризм және жастар саясаты министрлігінің «Дене шынықтыру мен спортты дамытуға қосқан үлесі үшін» төсбелгісімен, «Құрмет» орденімен марапатталған.

7. Мылтықбаев Алексей Бисенбайұлы  - «Жанрос Дриллинг» ЖШС директоры. «Ең үздік әлеуметтік жауапкершілікті кәсіпорын»  номинациясының иегері.
Кәсіби қызметтегі жоғары нәтижелері үшін қоғамдық наградалар бойынша халықаралық ұйымдастыру комитетінің “Құрмет грамотасы”, "Ұшқын" мүгедектердің құқықтарын қорғау және көмек жөніндегі қоғамдық қорының "Алтын Жүрек" ордені, Қызылорда облысының экономикасын дамытуға және шетел инвестицияларын  тартуға қосқан елеулі  үлесі  үшін "Құрмет" орденімен марапатталған.

8. Бихожаева Сәрсенкүл Байдешқызы - республикалық «Ақмешіт ақшамы» газетінің бас редакторы, еліміз бойынша «Үздік қалалық мәслихат депутаты» төсбелгісінің иегері. Қазақстан журналистер одағының мүшесі.
Қазақстан Респбуликасы Президентінің «Құрмет грамотасымен», Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 10, 20, 25 жылдықтарына арналған мерекелік медальдарымен, Қазақстан Республикасы Үкіметінің, Қазақстан журналистер Одағының «Құрмет грамотасымен», «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталған.

9. Оңғарбаев Аманжол Сақыпұлы - «Сыр Медиа» ЖШС бас  директоры. Журналист, әдебиетші-ғалым, филология ғылымдарының кандидаты.
Қазақстан Республикасы Президентінің Алғыс хатымен,  ҚР «Мәдениет қайраткері» белгісімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен «ҚР Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерекелік медалімен марапатталған.

10. Оразмаханұлы Шынжырбай - денсаулық сақтау ісінің үздігі, облысқа танымал дәрігер-нейрохирург.
Облыстық медицина орталығының үздік дәрігері, ҚР нейрохирургия саласының дамуына қосқан үлесі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгілерімен, Қазақстан Республикасы Президентінің, Денсаулық сақтау министрінің Құрмет грамоталарымен марапатталған. Шиелі ауданының Құрметті азаматы.

11. Жеңіс Сейдоллаұлы – «Қазақ концерт» мемлекеттік концерттік ұйымының директоры, әнші, композитор. Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері. "Құрмет" орденінің иегері. Қармақшы ауданының Құрметті азаматы.

12. Ниязов  Мұхтар  Мәуленұлы - айтыскер ақын, екі мәрте «Алтын домбыра» иегері. Республикалық, халықаралық айтыстардың жеңімпазы.

15 қазан 2019 ж. 244 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам