Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Мамандар үнемі жас болып көрінудің құпиясы неде екенін айтты

Мамандар үнемі жас болып көрінудің құпиясы неде екенін айтты

 Италиялық сарапшылар адамның жас болып көрінуі адамның тамақтануына да байланысты екенін айтады. Бұл туралы РИА Новости сайты хабарлады.
Италия адамдардың өмір сүру ұзақтығы бойынша көшбасшы елдердің қатарында. Онда ер адамдардың өмір сүру жасы 81 болса, әйелдердің өмір сүру ұзақтығы 85 жас. Мамандар италиялықтардың ұзақ өмір сүруінің сыры неде екенін білмек болды.
Жерорта теңізі елдерінің тұрғындары астың сапасына аса мән беретіні байқалады. Олардың рациондары ақуыз, А және С дәрумендеріне, фолий қышқылына және де антиоксиданттарға бай болады екен. Сонымен қатар, олар алкогольді ішімдіктерді аз ішеді, темекі тартпайды, тәтті газдалған сусын ішпейді. Сондай-ақ, тағамды жергілікті азық-түліктен үйде өздері жасап ішкенді ұнатады екен.
Егер ерте қартайғыңыз келмесе диетологтар рационға бір келі салмаққа 1,1 грамм ақуыз қосуға кеңес береді. Бұл бұлшықет массасын сақтап қалуға септігін тигізеді. Мамандар көптеп сүт өнімдерін және де фолий қышқылына бай көкөністерді пайдаланған жөн екенін айтады.
Сарапшылар таңғы астан бас тартпау керектігін айтады. Таңертең қызыл грейпфруттан дайындалған жаңа сығылған шырын ішіп, бір уыс жаңғақ жеген дұрыс дейді. Осылайша сіз организіміңізді қажетті мөлшерде С дәруменімен, Омега-3, кальций, антиоксиданттармен және минералды тұзбен қамтамасыз етеді екенсіз.
https://baq.kz​​​


15 қазан 2019 ж. 428 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№26 (1626)

07 сәуір 2020 ж.

№25 (1626)

04 сәуір 2020 ж.

№24 (1625)

31 наурыз 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Сәуір 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
27282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 9 111 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам