Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр

Қызылордада салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр

Қызылордада мемлекеттік сатып алу аясында мемлекет қаржысын игеріп, салық төлеуден қасақана жалтару дерегі азаймай отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Қызылорда облысында мемлекеттік сатып алу шеңберінде 13,8 млрд теңге қаржы игерген 18 кәсіпорынның салықтан жалтарғаны анықталды. Ол салықтық камералдық бақылау арқылы белгілі болды. «Нәтижесінде 14 салық төлеуші 159,8 млн теңгеге қосымша салық есебін тапсырып, ол бюджетке өндірілді. Сондай-ақ, күмәнді, жалған кәсіпкерлік белгісі бар фирмалармен өзара есеп айырысқан 4 кәсіпорынға салықтық тексеру жүргізілді. Сол арқылы 88,1 млн теңге қосымша есептелді және мемлекет қоржынына өндірілді. Әрине, бұл бағыттағы жұмыстар жалғасын табады және мемлекеттің қаржысы қатаң бақылауда», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық мемлекеттік кірістер департаментінен. Мемлекеттік кіріс органдары құқық бұзушылықтың деңгейі жоғары аймақтарға назар салып келеді. Нәтижесінде салықты ерікті түрде төлеуге қол жеткізуді көздеп отыр.
23 қазан 2019 ж. 119 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам