Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Премьер-Министрдің орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды

Премьер-Министрдің орынбасары мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды


ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапары барысында Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды.
Вице-премьер мүгедектерді оңалтудың заманауи технологияларымен танысты. Мұнда мұқтаждарға медициналық, психологиялық, педагогикалық, еңбек және тұрмыстық қызметтер көрсетіледі.
Орталық 2012 жылы пайдалануға берілген. Оның жалпы аумағы 17,6 гектар. Ғимараттың ауданы 82,6 мың шаршы метр. Орталықтың екі қабатты ғимараты 5 блоктан тұрады. Олардың әрқайсысында асхана, емдеу кабинеті және демалыс бөлмелері орналасқан. Орталық толығымен заманауи кабинеттермен жабдықталған.Мұнда емделушілер биованна, сенсорлық кабинеттерде де ем алады. Демалыс үшін акт залы, тігін шеберханасы, ағаш бұйымдарын дайындау шеберханасы және кітапхана жұмысы ұйымдастырылған.
Әлеуметтік қызметкерлер күніне арналған мерекелік іс-шараға облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов және Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі мен вице- премьер Бердібек Машбекұлы қатысты.
"Сіздердің еңбектеріңіз маңызды кәсіптердің бірі . Сіздер қиын жағдайға душар болған адамдарға және көмек пен қолдауды қажет ететін жандарға қызмет етесіздер. Сіздердің күнделікті орасан еңбектеріңіздің арқасында біздің азаматтарымыздың әлеуметтік жағдайы жақсарады. Мереке күні Сіздердің қажырлы еңбектеріңіз, адамдарға деген ақ пейілдеріңіз бен шынайы махаббаттарыңыз үшін шын жүректен алғыс білдіруге рұқсат етіңіздер", - деді Б. Сапарбаев.
Сондай-ақ, вице-премьер келесі жылдан бастап әлеуметтік қызметкерлердің жалақысы орта есеппен 30 пайызға артатынын айтты.
Облыстың үздік әлеуметтік қызметкерлеріне Премьер-Министрдің орынбасары мен Облыс әкімінің алғыс хаттары, Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің "Әлеуметтік сала үздігі" төсбелгілері, сондай-ақ, естелік сыйлықтар табыс етілді.
Орталық 1 және 2-топтағы мүгедектерге сапалы арнайы әлеуметтік көмек көрсету үшін қажетті барлық заманауи құрал жабдықтармен жабдықталған. Көрсетілген қызметтердің арқасында соңғы 6 жылда 57 арбадағы мүмкіндігі шектеулі жан аяғынан тұрған, 284 адамның қол және аяқ қозғалысы жақсарған, 170 адам тұрмыстық өзіне – өзі қызмет көрсетуге бейімдеген , 110 жанның мүгедектік топтағы көрсеткіші төмендеп, жұмысқа орналастырылған сонымен қатар, 66 адам өз кәсібін ашуға мүмкіндік алған.
Сапалы қызмет көрсетумен бірге орталықта үкіметтік емес ұйымдармен әлеуметтік маңызды жобаларды іске асыру бойынша бірлескен жұмыстар да жүргізіледі.
Бұдан бұрын Премьер-Министрдің орынбасары Бердібек Сапарбаев Қызылорда облысына жұмыс сапарымен келгенін хабарлаған едік.
Одан Премьер-Министрдің орынбасары Талсуат ауылдық округінде орналасқан мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған оңалту орталығында болды.
26 қазан 2019 ж. 224 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам