Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған тренинг

Ынтымақтастық атмосферасын құруға арналған тренинг

   Облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Жалағаш және Қармақшы ауыл жастарына арналған семинар-тренинг өтті.
Семинардың басында «Қызылорда облысы әкімі аппаратының «Қоғамдық келісім» КММ-нің қызметкері Қанат Ботжанов өңірдегі мемлекеттік жастар саясатының жүзеге асырылу барысы туралы айтып өтті. Сонымен қатар, NEET санатындағы жастармен жұмыс жасау, оларды жұмыспен қамту, ұлттық құндылықтарды дәріптеп бағытында сөз қозғады.
Сонан соң Медет Жорабек Ұлттық тренерлер пулының тренері, жастармен жұмыс жасау жөніндегі маманы «Тиімді команда құру» тренингін өткізді.  Бұл тренинг ынтымақтастық атмосферасын құруға, өзара түсіністік пен әр жасты топ ресурсы ретінде қабылдауға, стандартты және сыни жағдайларда мінез-құлықтың жалпы стратегияларын жасауға арналған. Сонымен бірге тренинг жаңа топ мүшелерін бейімдеу және ынталандыру, команданың дамуына серпін беру үшін пайдалы екендігін түсіндіріп өтті.
Ал «World сafe» тренингі барысында жастарға нақты мәселелер туралы сөйлесудің технологиясы мен өнері, пікірталас процесіне қатысушылардың ұжымдық интеллектісін тартуға мүмкіндік берілді. Олар кең ауқымды, көп деңгейлі диалогқа орналастырылды.
Тренингке барлығы  40 ауыл жасы қатысты. Қарым-қатынас дағдыларын дамыту, тұлғаралық кедергілерді жеңу, қолайлы психологиялық климатты құруды көздеген тренингте жастар командалық рухты дамыту мен нығайтуға арналған арнайы жаттығуларды жасады.  
Қорытынды жасау барысында тренинг қатысушыларының мақсатталған жоспарлары іске асырылды. Жастардың көңілінде көптеген жақсы эмоциялар қалды.
Облыстық Қазақстан халқы 
ассамблеясының баспасөз қызметі
01 қараша 2019 ж. 171 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам