Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

Облыс әкімі әлеуметтік нысандарды аралады

   Бүгін аймақ басшысы Қуанышбек Ысқақов облыс орталығындағы әлеуметтік нысандарды аралап шықты. Алғашқы нысан - «Ана мен бала» орталығы. Облыс әкімі орталықтағы жөндеу жұмыстарын жыл аяғына дейін аяқтап, сапалы жүргізілуін қатаң тапсырды.
Мұнан соң Қ.Досмайылұлы облыстық медициналық орталығында болып, дәрігерлердің келушілерге сапалы қызмет көрсетулерін қамтамасыз ету керектігін айтты.
Дәрі-дәрмек, азық-түлік пен көмірдің бағасы, халыққа көрсетіліп отырған қызмет сапасы да назардан тыс қалған жоқ. Аймақ басшысы әлеуметтік дүкендер мен базарларды аралап, жағдайымен танысып шықты. 
Сонымен қатар, «Қызылорда тазалығы» ЖШС алынған жаңа арнайы техникаларды көріп, жылу орталығында да болды. Облыс орталығындағы көмір сататын арнайы орындардың жұмыстарын да назарына алды.
Айта кету керек, аймақ басшысы нысандарды жауапты қызметкерлерге ескертусіз аралады. Ондағы мақсат - халыққа қызмет көрсететін осындай әлеуметтік объектілердің шынайы жұмысын көру, бағалау.
Бүгінгі қала нысандарын аралау қорытындысы бойынша жауапты сала басшыларына тапсырмалар берілді. Сондай-ақ, бұл жұмыстардың барлығы Қуанышбек Досмайылұлының жеке қадағалауында болады.

02 қараша 2019 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам