Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Соғыстың соңғы куәгері өмірден өтті

Соғыстың соңғы куәгері өмірден өтті

   Бүгін Қармақшы ауданындағы жалғыз Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаев өмірден озды.
Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаев ағамыздың бұл пәниден өткені туралы қайғылы хабар Қармақшы халқының қабырғасын қайыстырды.
Қармақшы ауданы халқының атынан Ұлы Отан соғысының ардагері Қуанышбай Бисенбаевтың қаза болуына байланысты отбасына туған-туысқандарына орны толмас ауыр қайғыларына ортақтасып, көңіл айтамыз.
1925 жылы шаруа отбасында өмірге келген қарт майдангер бала кезінен бейнет көріп өсті. Әкесі Бисенбайдан еңбексүйгіштікті үйренсе, анасы Алмадан имандылықты бойына сіңіреді.
Майдангер 1943 жылы өзі секілді жерлестерімен бірге соғыс даласына аттанады. Арда азаматымыз «Отан үшін» деп қан кешті, жан берді, тер төкті. Араға жеті жарым жыл салып елге аман-есен оралды. Ал соғыс аяқталған соң Чита қаласында шекара қызметінде болды.
1950 жылы әскерден елге келген соң теміржол саласында, кейін астық қабылдау мекемесінде ұзақ жылдар қызмет етіп, зейнет демалысына шықты.
Отбасында 8 бала тәрбиелеп, олардан немере-шөбере өрбіді.
Ерліктің ерен үлгісін танытып, бүгінгі бейбіт күн үшін жасаған өлшеусіз ерлігі мәңгі жадымызда.
От пен оқтың астында арпалысып жүріп, ұрпаққа бүгінгідей бейбіт өмір сыйлаған қарт майдангеріміз өнегелі өмірін, жарқын бейнесін халқымыз ешқашан ұмытпайды.
Қош бол абыз ата, жатқан жерің жайлы, топырағың торқа, иманың жолдас болсын!
04 қараша 2019 ж. 105 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам