Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Рухани жаңғыру – ұлт мұраты

Рухани жаңғыру – ұлт мұраты

    Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаетың «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында облыстық Қазақстан халқы ассамблеясының ұйымдастыруымен Сырдария ауданында екі күнге жоспарланған кешенді шара өтті.
Тағылымды басқосуда «Қазақтану» республикалық ғылыми-ағартушылық жобасы бойынша алғашқы сөз «Сыр дидары» газетінің бас редакторы, облыстық ҚХА жанындағы ғылыми сараптамалық топ мүшесі  Сәкен Алдашбаевқа берілді. Ол рухани қазынаны жастардың бойына дарыту,  қазақ халқының рухани құндылықтары, ел тарихында болған елеулі оқиғалар мен жетістікке жеткен тұлғаларға тоқталды. Сондай-ақ, олардың тәжірибесі мен жастарды тәрбиелеудегі амалдары туралы айтты.
Содан соң, «Өрлеу» педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институтының бөлім басшысы Баймырза Қожамберлиев қазақ халқының құрылуы, мәдени және тарихи құндылықтары мен қоғам ретінде даму сатыларын кеңінен атап өтті.
Аталған шарада аналар кеңесінің төрайымы Нұрсауле Мұсаева, қоғамдық келісім орталығының қызметкері Рахима Ахметова бақытты отбасы болудың қағидаттарына тоқталды. Мәселен, ажырасудың алдын алу, отбасындағы ұрпақ тәрбиесі, жасөспірімдер арасындағы қылмыс пен құқықбұзушылық сынды мәселелер төңірегінде кеңінен әңгіме өрбіді.
Сонымен бірге, Сырдария ауданының жастарына арналған ұйымшылдыққа бағыттайтын трининг өткізілді. Оны қоғамдық келісім орталығының маманы Қанат Ботжанов жүргізді.  Оған 30 жас белсенді түрде қатысты. Мұнда жастар бір-бірінің ортасында жағымды психологиялық климатты қалыптастыру, тиімді өзара қарым-қатынас құру жолдарын бағамдады. Сондай-ақ, ұйымшылдық арқылы биік шыңдар мен жеңістерге жету жолдарын зерделеді. Олар алдағы мақсаты айқындай отырып, ұжымдық жұмыстың ерекшелігімен танысты.
Осылайша кешенді шарада келелі ойлар айтылып, аудан тұрғындары тарапынан сұрақ қойылып, оларға тұщымды жауап берілді. Басқосу соңы шығармашылық ұжымның концерттік бағдарламасына ұласты. Сөйтіп, шараға қатысқан әрбәр аналар мен жастар көтеріңкі көңіл-күймен тарқасты.
Ақмарал ҚАДЫРХАН
05 қараша 2019 ж. 69 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№88 (1587)

12 қараша 2019 ж.

№87 (1586)

09 қараша 2019 ж.

№86 (1585)

05 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Қараша 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 123
45678910
11121314151617
18192021222324
252627282930 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 6 907 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам