Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді

Ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді


Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов қала аумағында орналасқан нысандарды аралау барысында бірқатар тапсырмалар берілген болатын. Берілген тапсырмаларға сәйкес үстіміздегі жылдың 23 қарашасында қала әкімінің орынбасары Б. Нуридиновтың төрағалығымен арнайы жұмысшы топ құрылып, уәкілетті органдар мен белсенді әлеуметтік желі қолданушылары және бұқаралық ақпарат құралдарының қатысуымен қала аумағында орналасқан базарлар мен автовокзал жұмыстарына шолу жүргізіліп, ақпараттық түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Жұмысшы тобы құрамында көліктік бақылау инспекциясы, мемлекеттік кірістер басқармасы, полиция басқармасы, төтенше жағдайлар басқармасы, электр тораптары басқармасы, тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасы, қала әкімдігіне қарасты бөлімдер мамандары бар.
Бұл ретте өрт қауіпсіздігінің алдын алу мақсатында «Сыбаға» базарының «Қорқыт ата» сауда үйі алдындағы ретсіз орналасқан (сымдары салбыраған) электр бағаналарын алып тастау қажеттігі және оның орнына тоқ сымдарын талаптарға сәйкес жер асты арқылы жүргізу жөнінде базар басшылығына электр тораптары басқармасымен бірлесіп, тиісті жұмыстарды үйлестіру қажеттілігі ескертілді.
Бұған қоса, Тоқтыбаев көшесіндегі (ескі базар маңы) көлік кептелісі мен жол қауіпсіздігінің алдын алу үшін базар іргесіндегі аялдаманы Қ.Мұхаметжанов атындағы №1 орта мектебі маңындағы ашық алаңға көшіру жөніндегі ұсынысты заң аясында қарастыру қажеттілігі туралы қалалық полиция басқармасы мен қалалық жер қатынастары бөліміне тиісті тапсырмалар берілді.
Сонымен қатар, жұмысшы топ тарапынан жол көлік оқиғаларын алдын алу мен жолаушылардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында Темір жол вокзалы мен Тоқтыбаев көшесі («Аль-Асад» сауда орталығы алды) бойындағы аудан, қалааралық бағыттағы автобустардың жүргізушілеріне қызметтерін (жолаушыларды тіркеу, күту залы, жүргізушіні медициналық тексеру жағдайы қарастырылған) автовокзал арқылы жүргізу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ, жолаушылар мен багаждарды тасымалдау кезінде қауіпсіздік шараларын қатаң сақтау үшін техникалық және медициналық қадағалау туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Темір жол вокзалы аумағында орналасқан аудан, қаларалық бағыттағы автобус аялдамалары иелерімен кездесу барысында, «Салтанат» сапаржайының аялдама аралық бекетінде жолаушылардың жағдайын жасау мақсатында күннің суытуына байланысты арнайы күту залын ұйымдастыру қажеттігі жөнінде ескертіліп өтті. Жалпы бұл жұмыстарды үйлестіру жөнінде автовокзал басшылығымен көлік инспекциясы, қалалық полиция және қалалық автомобиль жолдары бөліміне тиісті ұсыныстар берілді.
Бұл бағыттағы жұмыстар күнделікті қала басшылығының назарында болғандықтан әрі қарай өз жалғасын табатын болады.
24 қараша 2019 ж. 91 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам