Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Шөлейттенуге қарсы күрес тақырыбында халықаралық семинар өтті

Шөлейттенуге қарсы күрес тақырыбында халықаралық семинар өтті


Қараша айының 21-22-ші жұлдызында адамзаттың ақ желкені атанған Арал қаласында «Шөлейттенуге қарсы күрес және тозған жерлерді қалпына келтіру» тақырыбындағы халықаралық семинар өтті.
«Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығының 80 жылдық мерейтойымен тұспа-тұс келген алқалы жиынның мақсаты – өңірдегі шөлейттенуге қарсы күрес және тозған жерлерді қалпына келтіру мәселелерінде халықаралық ынтымақтастық пен тәжірибе алмасу.
Халықаралалық семинарға ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрлігінің Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитеті, Қазақстанның биоалуантүрлілігін сақтау қоры, Халықаралық Аралды құтқару қоры, Корея Орман қызметі, «Барсакелмес» мемлекеттік табиғи қорығы, Моңғолия университеті, Түрікменстан қоршаған ортаны қорғау жөніндегі мемлекеттік комитетінің шөл және фауна ұлттық институтынан келген өкілдер қатысты.
Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты тек күріш емес, дәнді және малазықтық дақылдардың барлық сорттарын селекциялық және генетикалық жолмен шығаратын бірден-бір институт екенін айта кеткен жөн. ЖаҺандық түйткілді мәселенің шешімін шешуге Күріш институты 1998 жылдан бастап кірісіп кеткен болатын. Институт ғалымдарының бірі, ауыл шаруашылығы ғылымдарының докторы Хасый Джамантіков бастаған шетелдік ғалымдар 14 жылдай ғұмырын табанынан су кеткен, топырағы тұзды, сортаң жерге сексеуіл егу технологиясын жасап, Арал маңын сексеуілмен көмкеріп, жасыл желекке айналдыруда алғаш сынақтан өткізгендердің бірі. Топырақ сынамасын алып, жергілікті жерге бейімделген өсімдіктерді егу арқылы топырақты қайта қалпына келтіруге болатындығын дәлелдеді.
Семинарға қатысушылардың назарын аударған келесі жайт «тұқым сауықтыру» бағдарламасы. Отан – отбасынан басталса, кез-келген жоғары өнімділік – сауықтырылған тұқымды себуден басталады. Бұл туралы Ы.Жақаев атындағы Қазақ күріш шаруашылығы ғылыми-зерттеу институты бас директорының міндетін атқарушы Бахытжан Әлішерұлы өзінің кезегінде жіпке тізгендей баяндап берді.
Ауыл шаруашылығы министрлігі және «Ұлттық аграрлық ғылыми-білім беру орталығы» КеАҚ қолдауымен 2020 жылы институт базасында тұқым зауытын салу жоспарлануда. Осы зауыт арқылы облыстың барлық шаруашылықтарын сауықтырылған, шығымдылығы мен өнімі жоғары, сапалы тұқыммен қамтамасыз етіп, аз шығын шығарып, мол өнім алып, ел экономикасының қарыштап дамуына үлес қосылады.
24 қараша 2019 ж. 103 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 350 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам