Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Темекі тастаудың ең қарапайым тәсілі табылды

Темекі тастаудың ең қарапайым тәсілі табылды


Италия, Швеция және АҚШ ғалымдарынан құралған команда никотинге тәуелділікті жеңудің ерекше тәсілін ойлап тапты. Зерттеу нәтижесін олар Journal of Neuroscience журналында жариялады, - деп хабарлайды
Тengrinews.kz РИА Новости агенттігіне сілтеме жасап.
Темекі шегуді доғару көптеген жағдайда сәтсіздікке ұшырап жатады, өйткені адамдар әрдайым тұтынатын никотин дозасының жетіспеуінен өзін жайсыз сезінеді. Бұл жағдайға никотин абстиненциясы деген атау берілген. Ол ашушаң болуға, тәбеттің ашылуына, депрессиямен және мазасыздықпен сипатталады.
Зерттеушілер екінші деңгейлі диабетпен ауыратын адамдарға дәрігерлердің жазып беретін дәрілерде пиоглитазон болады екен, ол егеуқұйрықтар мен тышқандарда никотинді абстиненцияның салдарын жояды екен.
Пиоглитазон инъекциясы тышқандарда абстиненция белгілерін төмендеткен: табан, бас және басқа да дене мүшелердің дірілдеуі. Осыны егеуқұйрыққа берген уақытта оларда никотин жоқтығынан туындайтын үрей ғайып болған.
Зерттеушілердің айтуынша, пиоглитазон никотинді абстиненциямен, яғни темекі шегумен күресуге жағдай жасайды екен.
24 қараша 2019 ж. 278 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 350 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам