Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыстық басылымдардың ұжымдарын құттықтады

Облыстық басылымдардың ұжымдарын құттықтады

  Қазақстан Республикасының Мемлекеттік хатшысы Қырымбек Көшербаев облыстық  «Сыр бойы» және «Кызылординские вести»  газеттерінің ұжымдарын 90 жылдық мерейтомен құттықтады. Құттықтау хатын облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов "Заманауи медиа кеңістіктегі аймақтық баспасөздің маңызы мен рөлі" атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференцияда оқып берді. 
"Құрметті газет редакцияларының ұжымы!Сіздерді облыстық «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің жарық көргеніне 90 жыл толған торқалы тойларыңызбен шын жүректен құттықтаймын.
Алты Алаштың анасы саналған Сыр өңірінің тыныс-тіршілігін халыққа жеткізіп келе жатқан қос басылымның тарихы тереңде жатыр. Аталған ата басылымдар Қызылорда жұртшылығына ғана емес, еліміздегі көзі қарақты оқырман қауымға етене таныс. Қос газет ғасырға жуық уақытта аймақтың жарқын жетістіктері мен жасампаз істерін тасқа басып, өлкенің жылнамасын жасауға еңбек сіңіріп келеді.
Байырғы басылымдар өскелең ұрпаққа өнеге көрсетер тәрбие құралы және жас дарынды қанаттандыратын шығармашылық шеберхана ретінде де ерекшеленеді. Осының арқасында қасиетті құтхана ұлт зиялыларының бірнеше буынының тұлға болып қалыптасуына игі ықпалын тигізді.
Облыс өмірінен жан-жақты ақпарат беріп отырған «Сыр бойы» және «Кызылординские вести» газеттерінің редакция ұжымдары алдыңғы буын салып кеткен кәсіби сара жолды абыроймен жалғастырып, талғамы биік оқырман сұранысын қанағаттандырып, сапалы дүниелерімен сусындатып келе жатқаны қуанышты жайт.
Қызылорда облысының қос басылымында қажырлы қызмет еткен ардагерлер мен бүгінгі жас буынды және газеттер оқырмандарын айтулы 90 жылдық мерейтоймен құттықтай отырып, баршаңызға еңбекте табыс, шығармашылық шабыт, отбасыларыңызға бақыт тілеймін!" - делінген хатта. 
28 қараша 2019 ж. 95 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам