Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қызылордада газ трубиналық электр станциясы іске қосылды

Қызылордада газ трубиналық электр станциясы іске қосылды

  Қызылорда облысының әкімі Қуанышбек Ысқақов Батыс Тұзкөл кен орнында орналасқан,  жалпы қуаты 16,5 МВт құрайтын электр станциясының ашылу салтанатына қатысты.
Батыс Тұзкөл кен орнындағы газ турбиналық электр станциясына  тапсырыс беруші мекеме «Тузколь Мунай Газ Оперейтинг» ЖШС мен «Петро Казахстан инк» компаниялары. Бас мердігер «Транс Азия Констракшн» ЖШС мекемесі. Электр станцияның құрылысы 2018 жылдың 5 желтоқсанында басталған. Газ турбиналы  электростанциясының жиынтық қуаты 16,5 МВт.
Аймақ басшысы барша сала мамандарын жаңа жобаның жүзеге асырылуымен құттықтап, осы ірі жобаны жүзеге асырушыларды облыс әкімінің Алғыс хатымен марапаттады.
 «Мұнайдың  өндіріле бастағанына ғасырдан астам уақыт болды. Ал, қара алтынды өндіру, игеру Сыр өңірінде қолға алынғанына ширек ғасырдан асты. Осы мерзім ішінде аймағымызда мұнайды игерумен оннан аса шетелдік компания айналысып келеді. Бұл өз кезегінде жергілікті мыңдаған тұрғынға жұмыс көзі болып отыр. Мұның сыртында қаншама сервистік компаниялар оларға қызмет көрсетеді. Сондай-ақ,облыс тайқазанына түсетін салық көлемінің артуына да үлесін тигізді.  Осылайша, «қара алтыннан» түсетін қыруар қаржы есебінен аймақтың әлеуметтік-экономикалық әлеуеті артып, бір ғана Қызылорда қаласы соңғы жылдары көркейіп, өзгерді. Компаниялардың әлеуметтік жауапкершілігі негізінде атқарылып жатқан істер мақтауға тұрарлық»-, деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Сонымен қатар, аймақ басшысы кен орнындағы жұмысшылардың жағдайымен танысып, жатын орын, асхана, өрт сөндіру депосын аралап көрді.
28 қараша 2019 ж. 56 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам