Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Заманауи үлгідегі білім ордасы

Заманауи үлгідегі білім ордасы

  Бүгінде өңірде мемлекет пен жеке бизнес секторының арасында тығыз байланыс орнағаны белгілі. Осындай іс-шаралардың нәтижесінде білім саласында жағымды жаңалықтар көбейіп келеді. Қазіргі таңда  облыс орталығында 4 жеке мектеп елге қызмет көрсетеді.  Сол игілікті істердің жалғасы ретінде «Orda School» бастауыш мектебі есігін айқара ашты. Заманауи құрал-жабдықтармен жабдықталған білім ошағы қаламыздың сол жағалауында орналасқан.
Жаңа мектептің ашылу салтанатына облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовқатысты.
 – Тәуелсіздігімізді алған уақыттан бері Тұңғыш Президент – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев аталмыш салаға ұдайы көңіл бөлініп келеді. «Келешектің кілті – білімді ұрпақтың қолында» деген қағидат берік қалыптасты. Міне, соның дәлелі – бүгін тағы бір жаңа мектеп ел иігіліне берілді. Елдің болашағы – балалар үшін олардың заманауи технологиямен жабдықталған жаңа ғимаратта сапалы білім алуына барлық жағдай жасалуда. Биылғы жылы тамыз айында Нұр-Сұлтан қаласында өткен республикалық тамыз конференциясында Қазақстан Республикасының Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев білім саласындағы бірқатар өзекті мәселелерге тоқталып, оларды кезең-кезеңімен шешуді тапсырды. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Жолдауында педагогтардың мәртебесін көтеру, білім сапасын арттыру, еңбек нарығына сапалы мамандар даярлау, ауыл мектептерінің жағдайын жақсарту мәселелерімен бірге бала тәрбиесіне қатысты нақты басымдықтарды айқындап берді, – деді облыс әкімі Қуанышбек Ысқақов.
Айта кеткен жөн, аймақта оқу ошақтарының 60 пайызы жаңа модификациялық пәндік кабинеттермен қамтамасыз етіліп, компьютерлер толықтай жаңартылған. Сондай-ақ, үш ауысымды және апатты мектептердің мәселесі де толық шешілген. Ал балабақшалардың желісі жыл сайын артып келеді. Оның 72 пайызы жеке сектордың үлесінде. Нәтижесінде 3-6 жастағы балалар мектепке дейінгі тәрбиемен толықтай қамтылған.
«Ақмешіт-ақпарат»
04 желтоқсан 2019 ж. 67 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 350 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам