Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Агросалада ауқымды істер бар

Агросалада ауқымды істер бар

   Қызылорда қаласына қарасты ауылшаруашылығы саласында өнім өндіру көлемі жыл санап артып келеді. Бұл сала бойынша биыл 7 млрд. 598,2 млн.теңге  қаржыға негізгі міндетті жұмыстар орындалған.
Үстіміздегі жылы ауа райы қолайсыздық танытты. Судың тап­шылығы орын алды. Соған қарамастан қалаға қарасты шаруашылық диқандары ерен ең­бектің үлгісін көрсетті. Оның ішінде 4011 гектар кү­ріш­тің әр гектарынан 52 центнер өнімге негіз қаланды. Барлығы 21 тоннаға жуық өнім жиналды. Осылайша диқандай жаздай еткен еңбектің нәтижесін көрді. Көптен күткен астық дер уақытында жиналып, алға қойған меже толықтай орындалды. Ал күздік бидайдан 80, жаздық бидайдан 338,1, жаздық арпадан 77, сұлыдан 4,8 тонна өнім қамбаға құйылды.
– Биылғы 10 айда ауыл шаруашылығы өнімінің нақты көлемінің индексі өткен жылмен салыстырғанда 103,2 пайызды құрады. Есепті мерзімде ет өндіру 107,3, сүт өндіру 100,7 пайызға, ал жұмыртқа өндіру 2,7 есе артығымен орындалды. Сонымен қатар, қала бойынша 390 шаруа қожалығының бірігуі нәтижесінде 27 ауыл шаруашылығы өндіріс кооперативі құрылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы бойынша биыл 109 маманға көтерме жәрдемақы үшін 19 млн. теңге, 55 маманға баспана алу үшін 197 млн. теңге жеңілдетілген несие берілді, – деді қала әкімінің баспасөз орталығында өткен брифингте қалалық ауыл шаруашылығы және ветеринария бөлімінің басшысы Медет Сейілов.
Бүгінгі таңда облыс орталығы және қалаға қарасты ауылдық округ тұрғындарының көпшілігі ірі малды ұстау бағыты бойынша кәсіп көзін тапты. Шаруа қожалықтары мемлекеттік бағдарламаларды тиімді пайдалануда. Мәселен, «Агроөнеркәсіптік кешенін дамытудың 2017-2021 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламасы аясында қала аумағында асыл тұқымды мал шаруашылығын дамыту үшін биыл «Сыбаға» бағдарламасымен 5400 бас аналық қой сатып алу межеленген. Соның нәтижесінде бүгінгі күнге ол 115,1 пайызға орындалған. 
Қала көлемінде төрт түлік малдың жұқпалы ауруы бойынша эпизотия және энзоотия бойынша республикалық және облыстық бюджеттен тиісті қаржы бөлінді. Бұл қаржыға 16 түрлі аса қауіпті жұқпалы ауруларға қарсы ветеринариялық препараттар алынып, қалалық ветеринариялық станция мамандарымен профилактикалық іс-шаралар жоспарға сәйкес атқарылуда.
 – «Ауыл шаруашылығы жануарларын сәйкестендіру жөніндегі іс-шараларды өткізу» бағдарламасы бойынша бағдарламаға бүгінгі күнге 21 474 бас мүйізді ірі қара, 26 869 уақ мал, 2235 түйе, 7293 жылқы бірдейлендіріліп енгізілді.  Кенеге қарсы уақ малдарды тоғыту жұмыстарын ұйымдастыруға қала әкімдігінің шұғыл резервінен 5 млн 152 мың теңге бөлінген. Кент және ауылдық округтер бойынша көктемгі тоғыту маусымында 6786 бас уақ мал кенеге қарсы тоғытылды. Осы атқарылған жұмыстардың нәтижесінде қала көлемінде эпизоотиялық және энзотиялық тұрақтылық сақталып отыр, – деді М.Сейілов.
Айтолқын БАТЫРБАЙҚЫЗЫ
04 желтоқсан 2019 ж. 33 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

№92 (1591)

26 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 321 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам