Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жер телімін игеру – міндет

Жер телімін игеру – міндет

   Бүгінде жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер теліміне өтініш білдірушілер саны аз емес. Биылдың өзінде 4750 өтініш келіп түсті. Айта кету керек, қазір «Бәйтерек-2» тұрғын ауданынан көлемі 150 гектарды құрайтын, 1267 жер учаскесі әзірленіп, оған қажетті инфрақұрылымы жүргізілуде. Алдағы уақытта жол, жылу мәселесі шешілгеннен кейін кезегі келген тұрғындар игілігіне берілмек.
Осыған дейін жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға 2005 жылы өтініш жазған азаматтардан 4900 құжат жерге орналастыру жұмыстарын орындауға жолданды.
– Қазір мынадай келеңсіз жағдайлар кездесіп жатады. «Байтеректен» жер алған тұрғындар оны арзан бағаға сатамыз деп түрлі әлеуметтік желі де жарнама беруде. Алайда, мұндай жағдайға тап болғандар соңында сан соғып қалады. Өйткені, жаңа иесі үйді салғаннан кейін, кепілдеме берген бұрынғы адам жерді сатқанын мойындамауы мүмкін. Ондай мәселемен күнде бетпе-бет кезігіп жүрміз. Сондықтан әрбір халық жер телімін сатып аларда абай болуы керек, – деді қалалық жер қатынастары бөлімінің басшысы Жақсылық Ержанов қала әкімдігінің баспасөз орталығында өткен брифингте.
Сондай-ақ, 24 қала аумағындағы жер учаскесін заңсыз иелену дерегі анықталып, зерттеу жұмысын жүргізуге  облыстық жердің пайдаланылуы мен қорғалуын бақылау басқармасына хат жолданған.  Ал, мемлекеттік жерді заңсыз қоршау бойынша 6 дерек тіркелді. Мұндай құқық бұзушыларға тиісті шаралар көріліп, қалпына келтіру туралы ескертілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлік мақсатта игерілмеген 182 жер анықталды.  
Сала басшысының айтуынша, бүгінде қалаға қарасты кент және ауылдық округтердің шекарасын белгілеу және өзгерту жұмыстары атқарылуда.
Биыл облыс көлемінде алғаш рет, кәсіпкерлік палатасы алаңында шаруа немесе фермер қожалығын, ауыл шаруашылығы өндірісін жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалдау) құқығын беру жөнінде байқау ұйымдастырылды. Нәтижесінде 7 азаматқа жалпы көлемі 1738 гектар құрайтын жер телімі пайдалануға берілді. Оған қоса, цифрландыруға сәйкес  ауыл шаруашылығы мақсатындағы барлық жер пайдаланушылары үшін «Qoldau.kz» сайты жұмыс істеп тұр.
Ақмарал ОЛЖАБАЕВА
04 желтоқсан 2019 ж. 87 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам