Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

Жаңа мүмкіндіктер көкжиегі

    Сыр өңірінде жыл сайын дәстүрлі түрде ұйымдастырылатын ХІ Халықаралық «Baikonyr Invest» инвестициялық форумы облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың қатысуымен өткізілді. Аталған шара «Қызылорда: тұрақты өрлеу, инвестициялық ынтымақтастықтық  үшін жаңа мүмкіндіктер» атты тақырыбында өрбіді.
Форум аясында жалпы құны 100 млрд. теңгеге жуық жобаны жүзеге асыру үшін 25 меморандум, 1 келісім-шартқа қол қойылды. Олардың қатарында өнеркәсіп саласында 14, агроөнеркәсіптік секторда 9, мемлекеттік – жекешелік  әріптестік  бағыты бойынша 3 инвестициялықжобаны жүзеге асыру туралы меморандум бар. Жиынға шетелдік және отандық бизнес-қауымдастық өкілдері, инвестициялық компаниялардың басшылары арнайы келді.  
Форум барысында пленарлық отырыс пен  кездесулер, әр салаға қатысты секциялық жиындар, инвесторлар мен жергілікті тауар өндірушілердің көрмесі ұйымдастырылды. Сондай-ақ,  «Байқоңыр «АЭА-жобаларды іске асыруға арналған перспективалы алаң», «Ауыл шаруашылығында фермерлікті және мал шаруашылығы кластерін дамыту мүмкіндіктері», «Мемлекеттік – жекеменшік әріптестікті дамыту перспективалары» тақырыбында баяндама оқылды.
– Алғаш рет  «Baikonyr Invest» форумы 2013 жылы өткізілді. Алдыңғы 10 форумның нәтижесі бойынша 130-дан  астам меморандумға қол қойылды. Аймақ экономикасына қомақты инвестиция тартылды. Сыр өңірінде тиімді логистикалық жағдай қалыптасқан. Бүкіл облыс арқылы Сырдария өзені оның бойымен теміржол және «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» халықаралық магистралінің 800 шақырымнан  астам ең үлкен учаскесі біздің өңір арқылы  өтеді, – деді облыс әкімі Қ.Ысқақов.
Сонымен қатар, форум қатысушылары «Байқоңыр» ғарыш айлағы және «Қорқыт ата» мемориалдық кешеніне  экскурсиялық  саяхат жасады.
«Ақмешіт-ақпарат»
Суретті түсірген: Н.НҰРЖАУБАЙ
04 желтоқсан 2019 ж. 81 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№96 (1595)

10 желтоқсан 2019 ж.

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 382 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам