Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Сапасы жақсарған «Жедел жәрдем»

Сапасы жақсарған «Жедел жәрдем»

   Бүгінде облыс бойынша 77 жедел жәрдем тобы жұмыс атқаруда. Облыстық медициналық жедел жәрдем стансасына 2016 жылдан бастап Сall- орталығы мен санитарлық авиация бөлімі кірді.  Ал, былтыр 103 бырыңғай оперативті бөлімі 112 – бырыңғай кезекші-диспетчерлік қызметі бірікті.
– Жыл басынан бері Қазақстан Республикасының 2018-2020 жылдарға арналған жедел медициналық көмегін дамыту Жол картасы  бойынша стансаның жұмысы жанданып,  жоғары көрсеткішке қол жеткізуде. Бүгінде шалғайда орналасқан елді-мекендерден түскен 1-3 санатты шақыруларға біздің мамандар дер кезінде көмек көрсетуде. Биыл  қалада қосымша екі топ қосылды. Сондай-ақ, Жанақорған ауданы, Манап елді мекенінде бір жедел жәрдем тобы дислокациясы ашылды.  Келесі жылы бесеуін ашу жоспарда бар, – деді облыстық медициналық жедел жәрдем стансасының бас дәрігері Алмат Құрманғали өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихантында. 
Айта кету керек, биыл бұл саланың қызмет сапасына түскен арыз-шағым былтырғы жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 30,8 пайызға төмендеген. Ал, санитарлы автокөлікпен жабдықтау бағытында 7 реанимобильге ие болды. Қазіргі кезде 15 санитарлы автокөліктің келуі күтілуде. Сонымен қатар, жылдың аяғына дейін республикалық бюджеттен 19 жабдықталған санитарлы автокөлік алу жоспарлануда.
Бұл саланың материалдық-техникалық жағдайын жақсарту мақсатында Қазалы және Шиелі аудандық бөлімшелерінде күрделі жөндеу жүргізілген. Ендігі кезекте қалған аудандық жедел жәрдем бөлімшелерінің ғимарат мәселесі бойынша тиісті жұмыстар жүргізуге байланысты шешімдер қабылдануда.
Ақмарал ҚАДЫРХАН
04 желтоқсан 2019 ж. 59 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№95 (1594)

07 желтоқсан 2019 ж.

№94 (1593)

04 желтоқсан 2019 ж.

№93 (1592)

30 қараша 2019 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Желтоқсан 2019    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 1
2345678
9101112131415
16171819202122
23242526272829
3031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 7 350 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам