Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Қазақ халқының тарихында ұлы ақын

Қазақ халқының тарихында ұлы ақын

   Қазақ халқының тарихында ұлы ақын, ағартушы, данышпан Абай Құнанбайұлының алар орны ерекше. Абай бізді нәзік өлеңімен де, кесек-кесек пәлсапалық ой-пікірімен де, сұлу сазды әуендерімен де бірде қанаттандырса, бірде ойландырады. Абайдың ұлылығы мен кемеңгер данышпандығы да осы болса керек.
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Абай және ХХІ ғасырдағы Қазақстан» атты мақаласында Абай мұрасының тигізер пайдасы мол екендігін, Абайдың ой-тұжырымдары баршамызға қашан да рухани азық екендігін, Абай сөзінің ұрпақтың бағыт алатын темірқазығына айналуы қажет екендігін атап көрсетті.
Сондықтан ұлтымызды жаңғырту ісінде Абайдың еңбектерін басшылыққа алып, ұтымды пайдалануды біздер кітапханашылар өз мақсатымыз және міндетіміз деп білуіміз керек.
Қалалық орталықтандырылған кітапханалар жүйесіне қарасты кітапханаларда Абайдың 175 жылдығына орай көптеген шаралар ұйымдастыру жоспарланып отыр. Барлық кітапханаларда бүгіннен бастап Абай шығармашылығына арналған кітап көрмелері жасалып, оқырмандарға таныстырылуда.
Жыл көлемінде «Мен жазбаймын өлеңді ермек үшін» жыр марафоны», «Абай-дара, Абай-дана қазақта», «Жүрегімнің түбіне терең бойла» атты әдеби-сазды кештер, «Абай әлеміндегі әйелдер бейнесі» атты әдеби дастархан, «Абай рухына тағзым», атты әдеби жыр кеші , «Абайды оқы,таңырқа», «Абай және табиғат» атты интеллектуалды сайыстар, «Абайдың рухани мұрасы» Абайдың қара сөздерінен рухани кеш өткізіледі.
Қаладағы Абай даңғылы бойында орналасқан мекемелердің қатысуымен «Абай-ұлттың ұлы үні» атты библиокеруен шарасы, қоғамдық көліктерде «Абай мұрасы-халық ұлағаты» атты әдеби автобус шарасы және Абай аллеясында «Әлемге танылған ұлы Абай» атты мерекелік шара ұйымдастырылады.
Сондай-ақ, Мұхтар Әуезовтың «Абай жолы» романын қала тұрғындарына, оқушы-студенттерге оқытуға ықпал жасауды, барлық кітапханаларда оқырмандар конференциясын ұйымдастыруды жүйе қызметкерлері басты міндетіне алып отыр.
Елімізде өткізілетін осындай шаралар арқылы халқымыз ғұлама Абайдың рухани дүниесіне терең бойлап, оның ұлылығының тың қырларын ашып, жаңа сырларына қаныға түседі.
Абайды таныту арқылы Қазақстанды әлемге танытамыз, қазақ халқын танытамыз.
Ұлы Абайдың шығармашылығы бүгінгі заман талабына сай қайта түлеп, жыл өткен сайын жаңғырып, ұрпақ тәрбиесінде өзіндік үлес қосары сөзсіз. Абай өзінің туған халқымен мәңгі-бақи бірге жасайды, ғасырлар бойы қалың елін қазағын жаңа биіктерге, асқар асуларға шақыра береді.
С.Есімқұлова
Қызылорда қалалық орталықтандырылған
кітапханалар жүйесінің директоры




09 қаңтар 2020 ж. 689 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

№50 (1651)

04 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 615 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам