Қалалық қоғамдық-саяси газет

Ақмешіт апталығы

Газет 1994 жылдан бастап шығады
» » Облыс әкімі шалғай ауылдарды аралады

Облыс әкімі шалғай ауылдарды аралады

   Облыс әкімі Қуанышбек Ысқақовтың солтүстік аудандарға сапары Қазалы ауданында қайта жалғасты. Аймақ басшысы Сырдария өзенінің арғы бетінде орналасқан 8 ауылда болып, «Қарлаң» учаскесіндегі қалқымалы көпірдің жағдайымен танысты.
Облыс әкімі алдымен Майдакөл, Ү.Түктібаев ауылдарына ат басын бұрып, тұрғындардың өтініш-тілектеріне құлақ түрді.
Ақжона ауылдық округі – аудандағы ауыз су сервистік желіге қосылмаған 3 ауылдың бірі. Сондықтан майдакөлдіктер алдымен осы мәселені көтерді. Сондай-ақ, ауылға жаңа клуб ғимаратын салу керектігін деайтты. Себебі, ауылдағы клуб 2010 жылы асар әдісімен салынған.
Ал, Кеңес Одағының батыры Үрмәш Түктібаев атындағы ауыл тұрғындары 2019 жылы ауыз су әрбір үйге кіргізіліп, 7 көше орташа жөндеуден өткізілгенін қуанышпен жеткізді. Ауыл тұрғыны Төремұрат Тәжімұратов Бекарыстан биден ауылға дейінгі жолды жөндеу, балабақша және спорт кешенін салу жөнінде ұсыныс айтты.
Мұнан соң аймақ басшысы Қожабақы, Бозкөл, Кәукей, Тасарық, Бірлік, Жанкент сияқты ауылдарда да болып, халықтың тұрмыс-тіршілігімен танысты. Ауыл тұрғындары жол, кең жолақты интернет желісін тарту, ғимараты ескірген балабақшалар мен ауылдық клуб үйлерін жаңарту, спорт кешенін салу сияқты мәселелерін көтерді.Ал, Бірлік пен Жанкент ауылының тұрғындары «Қарлаң» учаскесіне темір бетон көпір салу қажеттігін тілге тиек етті.
Бүгінгі таңда Оғыздардың ордасы болған Жанкент шаһарының аумағы қоршалып, оның туристік әлеуетін арттыру мақсатында «Жанкент» стеласы орнатылуда. Өркендеу ауылдық округіне сапары барысында аймақ басшысы Жанкент шаһарының орнына барып, биіктігі 12 метр болатын стеламен танысты.
Облыс әкімі Қуанышбек Досмайылұлы «Қарлаң» учаскесіне темір бетон көпір салу үшін техникалық экономикалық негіздемелері дайын екендігін, енді жоба-сметалық құжаттарын дайындау үшін қажетті қаржы бөлінетінін жеткізді. Ал, клуб, балабақша, дәрігерлік амбулатория, спорт кешенін жергілікті кәсіпкерлермен бірлесіп мемлекеттік-жекешелік әріптестік негізінде салу жолдарын қарастыратынын айтты.
Аймақ басшысының жұмыс сапары бүгін де аудандағы басқа елді мекендерде жалғасатын болады.
 
Қазалы ауданы әкімінің баспасөз қызметі
10 қаңтар 2020 ж. 526 0

PDF нұсқалар мұрағаты

№53 (1654)

14 шілде 2020 ж.

№52 (1653)

11 шілде 2020 ж.

№51 (1652)

08 шілде 2020 ж.

Жаңалықтар мұрағаты

«    Шілде 2020    »
ДсСсСрБсЖмСбЖс
 12345
6789101112
13141516171819
20212223242526
2728293031 

Суреттер сөйлейдi

ТҮНГІ ҚЫЗЫЛОРДА
01 қараша 2017 ж. 10 656 0
  • Акимата Кызылординской области
  • Сайт президента
  • Нұрлы жол
  • Рухани Жаңғыру
  • Жаңғыру 30
  • Egov
  • Digital Kazakhstan
  • Нақты қадам